Париж Олимпиадасының чемпионы, даңқты дзюдошы Елдос Сметовке Италияның астанасы Рим қаласында операция жасалды. Спортшы бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды F16.kz.
Қолдау мен жылы сөздер үшін барлығына алғыс айтамын!
Шынында да, мен Римде иығыма операция жасаттым. Құдайға шүкір, бәрі жақсы өтті. Өздеріңіз білесіздер, Олимпиадаға дейін мені жарақаттар мазалады, әсіресе иығым. Егер бәрі жоспарға сай болса, 2-3 айдан кейін жаттығуды бастаймын. Ал келер жылдың басында жарысқа ораламын. — деп жазды Елдос Сметов.
Сондай-ақ ол өзінің спорттық мансабына қатысты алып-қашпа әңгімеге де нүкте қойды.
Менің мансабымның аяқталғанын күтіп жүргендерге айтарым, асықпаңыз! Мен әлі татамиге ораламын! — деп жазды Олимпиада чемпионы.





