Шығыс Қазақстан облысының полиция департаментінде студенттер, оқушылар мен өңір тұрғындарына ашық есік күні өтті, деп хабарлайды F16.kz.
Іс-шара қонақтары полицияның қызметі мен ІІМ оқу орындарында білім беру туралы мәлімет алып, қызметтегі полицейлермен сөйлесті, қызықтырған сұрақтарына жауап алды. Бағдарлама аясында полиция музейін, бейнебақылау жүйесі көрсетілген жедел басқару орталығын аралап, техника мен жабдықтардың көрмесін тамашалады.
Сондай-ақ қылмыскерді ұстау, жарылғыш заттарды іздеуге машықтанған иттердің көмегімен арнайы тапсырманы орындаған кинологтардың жұмысы көрсетілді.
Қонақтарға арнап викториналық сұрақтар қойылды, естелік сыйлықтар таратылып, құқық қорғау органдары қызметкерлерімен еркін форматта сұхбат болды.