F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Төре-Тоғам»: өндіріс көлемі ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылады

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
15.07.2025, 15:27
Жаңалықтар, Күршім, Экономика
«Төре-Тоғам»: өндіріс көлемі ұлғайып, жаңа жұмыс орындары ашылмақ

Фото: Мерей Қайнарұлы

Күршім ауданында орналасқан «Төре Тоғам» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы балық өңдеу кәсіпорындарының бірінен саналады. Зауыт қалдықсыз технология негізінде жұмыс істейді және өнімдерін ішкі нарықпен қатар Еуропа елдеріне, Қытай мен Ресейге экспорттайды, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.

600-ДЕН АСТАМ БАЛЫҚШЫМЕН ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

– Қазір тәулігіне 10 тоннаға дейін балық өңдеп жатырмыз. Бірақ, мұнымен шектеліп қалғымыз келмейді, – деген кәсіпорын директорының орынбасары Азамат Бейсебаев бүгінде зауытта жаңа өндірістік цехтың құрылысы жүріп жатқанын мәлім етті. Ол цех іске қосылса, өнімділік үш есеге дейін артпақ.

Сондай-ақ, зауытта қосымша жұмыс орындары ашылуға тиіс. Бүгінде 40-қа жуық жұмысшысы бар кәсіпорында модернизациядан кейін тағы 40 шақты жұмыс орны құрылады деп жоспарлануда. Бір айта кетерлігі, шикізат зауытқа жергілікті өзен-көлдерден жеткізіледі. Азамат Бейсебаев кәсіпорынмен 600-ден астам балықшы тұрақты жұмыс істейтінін айтты.

– Бұл ауданымыздағы халықтың негізгі табыс көзіне айналды. Әсіресе, көктем мен күзде жұмыс көлемі артады. Халық бос отырмай, балық аулап, күнкөрісін жасайды, – дейді ол.

Зауыт ішіндегі цехтарда арнайы тоңазытқыштар, автоматты кескіштер мен қаптау жабдықтары орналасқан. Барлығы халықаралық стандарттарға сай. Ең бастысы, өндірістің қалдықсыз жүргізілетіні. Балықтың барлық бөлігі кәдеге жаратылады. Мәселен, бір бөлігі жемдік қоспаға қосылса, тағы бір бөлігі тыңайтқыш ретінде өңделеді екен.

– Экологияға зиян келтірмейміз. Осыны басты қағида етіп ұстанамыз. Бізде тіпті су ресурстарын тиімді пайдалану жүйесі де енгізілген, – дейді зауыт басшылығы.

КҮРШІМНІҢ БАЛЫҒЫНА ЕУРОПАЛЫҚТАР ДА ҚЫЗЫҒЫП ОТЫР

Өндірілген өнімнің едәуір бөлігі Қазақстанда қалып, Өскемен мен Астананың базарларына жеткізіледі. Дегенмен, кәсіпорын өнімінің басым бөлігі алыс-жақын шетелдерге экспортталады. Оның ішіндегі негізгі бағыттар – Еуропа елдері, Қытай, Ресей. Тіпті, теңіз жағалауында жатқан Балтық елдеріне де жөнелтіледі екен. Мұның өзі жергілікті өнімге деген сұраныстың жоғары екенін аңғартса керек.

– Болашақта балық консервілерін шығарып, мал шаруашылығы бағытына да бет бұрғымыз келеді. Ет өнімдерін өңдейтін жаңа желі ашу жоспарда бар, – деп қосты Азамат Бейсебаев.

Бүгінде Күршімнің балығы шетел асуда. Бірақ, басты жетістік – бұл өндіріс жергілікті халықты жұмыспен қамтып, ауылға тіршілік, ал елге табыс әкеліп отыр.

Еске салайық, осыған дейін Күршім ауданының Ақсуат ауылында балықты терең өңдеу цехы салынатыны туралы жазған болатынбыз.

Тегтер: F16Балық зауытыКүршіммодернизацияТөре-ТоғамЭкспорт
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған