F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО әкімі қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті

F16 F16
16.07.2025, 09:00
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов Қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесті. Ашық диалог форматында өткен жиында өңірді дамытудың басым бағыттары, негізгі инфрақұрылымдық жобалар және тұрғындардың өзекті мәселелерді шешудегі рөлі талқыланды, деп хабарлайды F16.kz.

ОН МЫҢНАН АСТАМ ЖҰМЫС ОРНЫ ҚҰРЫЛДЫ

Қоғамдық кеңес – билік пен халық арасындағы алтын көпір. Сондықтан әрбір бастамаларыңыз, сындарлы көзқарастарыңыз біз үшін аса маңызды. Мемлекет басшысы Қасым‑Жомарт Тоқаев азаматтық қоғамды дамыту еліміз үшін негізгі басымдықтардың бірі екендігін әрдайым ерекше атап келеді. Себебі халық үніне құлақ асатын мемлекет және әділетті қоғам құру жолында өзара ынтымақтастық шешуші рөл атқарады, – деді облыс әкімі.

Нұрымбет Сақтағанов 2024 жылдың қорытындысына сәйкес өңір тұрақты өсім көрсеткенін атап өтті. 10 мыңнан астам жұмыс орны құрылған, оның 5,5 мыңы тұрақты жұмыс орны. Облыста Президенттің 2029 жылға қарай ел экономикасының өсу қарқынын екі есеге арттыру жөніндегі тапсырмасын іске асыруға ерекше назар аударылған.

Басымдықты экономиканы әртараптандыруға бағыттадық. Шығыс Қазақстан сыртқы конъюктураның өзгеруіне тұрақты болуға тиіс. Өңірде 875 млрд теңгеге 52 инвестициялық жоба іске асырылып жатыр, биыл оның 11-ін аяқтау жоспарланған. Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде, оның ішінде шетелдік инвесторлардың қатысуымен жаңа жобалар пысықталып жатыр, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.

БИЫЛ ӨҢІРДЕ 700 КМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛЕДІ

Өткен аптада облыс орталығында сегіз шет мемлекеттің және ТМД елдерінің дипломатиялық миссия өкілдерінің қатысуымен облыстың инвестициялық әлеуетінің тұсаукесер форумы өтті. Осы жұмысты жалғастыру үшін биыл күзде Өскеменде 30-дан астам елдің дипломатиялық корпусы мен компаниялары басшыларының қатысуымен Халықаралық инвестициялық форум өткізу жоспарланған.

Туризм аймақты дамытудың маңызды бөлігіне айналды. Катонқарағай және Зайсан аудандарында әуежайлардың құрылысы басталды. Жол-көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша жұмыстар қарқын алған, осы жылы кемінде 700 км республикалық және жергілікті маңызы бар жол жөнделеді. Жыл басынан бері 16 ауылдық елді мекен интернетке қосылды. 2027 жылдың соңына дейін республикалық жол картасы аясында тағы 123 ауылды интернетпен қамтамасыз ету жоспарланған.

ЭКОЛОГИЯ НАЗАРДАН ТЫС ҚАЛМАДЫ

Жиын барысында облыстық қоғамдық кеңес төрайымы Аяужан Әшімова атқарылған жұмысқа тоқталса, кеңес мүшесі Ольга Кузовлева мүгедектігі бар жандардың құқығы, Геннадий Корешков өңірдегі экология мәселесін көтерді.

Нұрымбет Сақтағанов Қоғамдық кеңес мүшелерінің белсенді жұмысы үшін алғысын білдіріп, жобаларды іске асырудың барлық кезеңдерінде азаматтық бақылаудың маңыздылығын атап өтті. Бүгінде кеңестің құрамында үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері, саяси партиялар мен бизнес өкілдері, медицина саласының мамандары бар.

Биыл, Қоғамдық кеңестер туралы заңға сәйкес, өкілеттік мерзімі аяқталған мүшелердің орнына ашық конкурс арқылы жаңа құрам жасақталды. Нәтижесінде екі қала мен сегіз ауданда Қоғамдық кеңес құрамы жаңартылды. Қазір барлық деңгейдегі қоғамдық кеңестердің жалпы құрамы – 180 адам.

Қоғамдық кеңестер тиімді диалог алаңдары ретінде табысты жұмыс істеп келеді. Тамыз айының ортасында өңірлік азаматтық форум аясында тағы да жүздесеміз. Өздеріңізбен бірге Президенттің «Адал азамат», «Адал еңбек», «Заң мен тәртіп», «Таза Қазақстан» идеяларын іске асырып келеміз. Баршамыз ел бірлігін сақтау, тәуелсіз Қазақстанды орнықты да әділетті мемлекет ретінде дамыту жолында еңбек ете берейік, – деді облыс әкімі.

Тегтер: TopкездесуҚоғамдық кеңесШҚО әкімі
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған