Өскеменге тамызда жаңа дизайндағы 3 трамвай жеткізіледі, деп хабарлайды F16.kz.
Айта кетейік, қазіргі күні 3 маршрут бойынша 10 трамвай қала тұрғындарына қызмет етеді. Келесі айда желіге шығатын Т701 маркалы үш трамвай әртүрлі түсте болады – жасыл, көк және қызыл.
Сыйымдылығы шамамен 160 адам. Вагондар кондиционер, бейнебақылау жүйесімен, сондай-ақ электронды төлем жүйесімен жабдықталмақ.
Қала әкімі Алмат Ақышов Белоруссиядағы «БКМ Холдинг» кәсіпорнына барып, трамвайларды құрастыру жұмыстарының қалай жүзеге асып жатқанын көрді.