23-24 шілдеде Шығыс Қазақстан облысында «Жер-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Осыған байланысты 24 шілде күні сағат 10.00-де оқу-жаттығу аясында аумақтық құлақтандыру жүйесін іске қосу жоспарланған.
Бұл уақытта сиреналық-сөйлеу құрылғыларын қысқа мерзімді қосу, сондай-ақ теле-радиоарналарды қармап қалу, интернет-ресурстарда және мобильді қосымшаларда ақпаратты орналастыру жүзеге асырылады.
– «Баршаның назарына!» – бұл қауіп төнген немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда барлық шұғыл хабарламаны жібермес бұрын халықтың назарын аудару үшін берілетін ескерту сигналы. Егер Сіз сиренаның дыбысын естісеңіз, дереу теледидарды немесе радионы қосуыңыз керек. Сонымен бірге, ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті әлеуметтік желілерінің ресми парақшаларын, «Дармен» қосымшасындағы хабарламаларды және «112» қызметінің SMS хабарламасын қадағалап отырған абзал, – деп жазады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.