Славский жағалауындағы веложолда жарық шамдары толығымен ауыстырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Естеріңізге сала кетейік, Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов қаладағы демалыс орындарына қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп, шешу жолын қарастырған. Оның ішінде қауіпсізідк мәселесі де басты назарға алынды.
Демалыс орындарында балаларды серуендететін кішкентай көлектің түр-түрі, веслосипедшілер жаяу жүргіншілер жолымен жүреді. Оларға арналған арнайы жолақпен жүруі керек. Себебі өздеріне де, демалыс орнындағы бүлдіршіндерге де қауіп төндіреді, — деп атап өтті ол.
Десе де, қала тұрғындары өздері жиі баратын жағалаудың велосипед жолағында жарық жанбайтыны айтып шағымданды.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір онда жарық шамдар ауыстырылып жатыр.
Ол жердің кабельдік желісі де бұзылған, жанып кеткен, ескірген шамдар бар. Қазір барлығын ауыстырып жатырмыз. Шамамен үш аптаны ішінде аяқтауға тырысамыз, — деді қала әкімінің баспасөз қызметі.
Алдағы күндері Жеңіс саябағына дейінгі аралықтағы шамдар ауыстырылады




