Шанхай ынтымақтастық ұйымы елдерінің жас көшбасшылары мен талантты жастарының кездесуі аясында Шығыс Қазақстан облысына Қытай Халық Республикасынан алғашқы делегаттар келді, деп хабарлайды F16.kz.
Былтыр 4 шілдеде Астанада өткен ШЫҰ саммитінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұйымға мүше мемлекеттердің жас көшбасшылары мен талантты жастарының жыл сайынғы кездесуін өткізуді ұсынған еді. Биыл бұл бастама нақты іске асып, алғаш рет Түркі әлемінің алтын бесігі саналған қасиетті Алтай төрінде жүзеге асады.
Іс-шараға ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің делегаттары, республикалық жастар ұйымдарының жетекшілері және өңірдің белсенді жастары қатысады.
Бұл бастаманы Мәдениет және ақпарат министрлігі ШҚО әкімдігінің, Amanat партиясының жастар қанаты – «Жастар рухы» және «Esbol Qory» қоғамдық қорының қолдауымен ұйымдастырып отыр.




