Президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің құрылымында жалған ақпаратқа қарсы күрес жөніндегі орталық жұмыс істей бастады, деп хабарлайды F16.kz.
Жаңа құрылым азаматтардың сенімді ақпарат алу құқығын қамтамасыз етудегі маңызды элемент болады. Орталықтың негізгі міндеттері: жалған ақпаратты анықтау және оны жоққа шығару, азаматтарды маңызды тақырыптар бойынша объективті, тексерілген деректермен қамтамасыз ету, ақпаратты жауапкершілікпен тұтыну мәдениетін дамыту.
Қазіргідей ақпарат ағыны мол заманда фактілерді қасақана бұрмалаудан ажырата білу маңызды. Жаңа орталық ақпарат ағынында навигация құралына айналады.
Жұмыс мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы, журналистер және азаматтармен ынтымақтастықта жүргізіледі.
Орталықты құру — бұл нақты фактілерге, жауапкершілікке және ақпаратқа деген сенімге негізделген тұрақты коммуникациялық ортаны қалыптастыруға қисынды қадам.
Орталық фейктерге тұрақты шолулар мен манипуляция жасау кейстерін жариялайды, сондай-ақ резонанстық ақпараттық тақырыптар бойынша сараптамалық түсініктемелер береді. Орталықты іске қосу күрделі ақпараттық процестерді әлеуметтік желілердегі ресми ресурстарға қарапайым және көрнекі түсіндіруге бағытталған ақпарат орналастырумен қатар жүреді.
Бірінші шығарылымда соңғы кездері еліміздің ақпараттық кеңістігінде пайда болып жатқан жалған мәліметтерді зерделейміз.




