Өскеменде жеңіл автокөлік жолды белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды F16.kz.
Оқиға кеше түнгі сағат 23.00 шамасында Пограничный көшесінде болған.
Kia көлігінің жүргізушісі белгіленбеген жерден кесіп өтпек болған 47 жастағы ер адамды қағып кетті. Салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қазір сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, тиісті сараптамалар тағайындалды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тұрғындардың айтуынша, аталған көшенің жарық шамдары жиі жанбай қалады.
Естеріңізге сала кетейік, екі апта бұрын осы Пограничный көшесімен жалғасатын Тоғас көшесінде 11 жастағы баланы көлік қағып кеткен. Бала ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілді. Оқиға әлеуметтік желіде тарағаннан кейін қала тұрғындары аталған жол учаскесі тас қараңғы екенін айтып, жарыса шағымданды. Қазіргі уақытта Тоғас көшесіндегі жарықтандыру қалпына келтірілген.




