Өскемендегі Үлбі көпірі жөндеу жұмыстарына байланысты тағы да уақытша жабылды, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін сағат 9:00-ден бастап Үлбі көпіріндегі деформациялық тігісті жөндеуге байланысты бірінші жолақта (Нұрмағамбетов көшесінен Назарбаев даңғылына қарай) қозғалыс жабылады, – деп хабарлады тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының жолаушылар көлігі және автожол бөлімі.