F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде өткен веложарыста өзбекстандық оқушылар ешкімге дес бермеді

F16 F16
13.08.2025, 15:59
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: автордікі

Фото: автордікі

Шығыстың бас шаһары Өскеменде бір аптаға созылған «Қазақстан оқушысы» дәстүрлі халықаралық велокөпкүндігі өз мәресіне жетті. Жарыстың қорытынды кезеңі аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер ресми түрде марапатталды. Бұл ауқымды спорттық іс-шараға еліміздің ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкенттен, сондай-ақ көршілес Өзбекстан Республикасынан келген 100-ге жуық жас велошабандоз қатысты, деп хабарлайды F16.kz.

Доданың ауқымы мен мазмұны жыл сайын кеңейіп келеді. Бұл жолы да қатысушыларға оңай болған жоқ, жарыс әртүрлі форматта сегіз кезеңнен тұрды. Қатысушылар топтық және жеке қашықтықтарда бақ сынап, өзара мықтыны анықтады. Жарыс кезеңдері негізінен Өскеменнің таулы аймақтарында өткендіктен бұл жолғы сайыс қатысушылар үшін ерекше сынақ болды. Қиын жер бедері мен ауа райының құбылмалы жағдайлары жас велошабандоздарға қосымша кедергілер туғызды.

Бас төреші Рашид Хакимов бұл жарыстың жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, барлық қатысушыларға, жарысты ұйымдастыруға атсалысқан тұлғаларға, құқық қорғау және жедел жәрдем қызметкерлеріне алғысын білдірді. Оның айтуынша, жарыс тартысты әрі қызықты сәттерге толы болды.

Жеңімпаз командалар мен жеке сайыста топ жарған спортшыларға естелік кубоктар, медальдар және дипломдар табыс етілді. Сонымен қатар ерекше көзге түскен қатысушыларға арнайы номинациялар бойынша марапаттар беріліп, ардагер велошабандоздар атынан ақшалай сыйлықтар үлестірілді.

Облыстық білім басқармасы мен Қазақстан велосипед спорт федерациясының бірлескен еңбегінің арқасында жарыс жоғары деңгейде ұйымдастырылып, өткізілгенін атап өткен орынды. Мұндай ірі спорттық шаралардың оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттап, жас спортшыларға шабыт сыйлайтыны анық.

Жарыс қорытындысы бойынша командалық есепте үшінші орынды Солтүстік Қазақстан облысының велошабандоздары иеленсе, екінші орынға Алматы қаласының құрамасы тұрақтады. Ал бірінші орынды Өзбекстаннан келген команда жеңіп алды. Олардың жарыс барысындағы тұрақты және нәтижелі өнері көпшіліктің назарын аударды.

Шымкент қаласының өкілі Марлен Райымбеков өзінің жарыс барысындағы жетістіктерімен бөлісті. Ол екі кезеңде жүлдеге ілігіп, «Тау велошабандозы» номинациясын иеленді. Оның айтуынша, осындай жарыстар жастарды жігерлендіріп, спортқа деген ынтасын арттыра түседі.

Велокөпкүндіктің екі кезеңінде екінші және үшінші орындарды жеңіп алдым. Соның арқасында «Тау велошабандозы» аталымына ие болдым. Бапкердің жетекшілігімен екі айға жуық уақыт дайындалдым. Жарыс ұйымдастырушыларына рахмет, осындай шаралар жиі өткізілсе екен, – деді Марлен Райымбеков.

Жарыс барысында ауа райының күрт құбылуы, әсіресе жеке сайыс кезеңінде оңайға соқпады. Көп жағдайда жаңбыр жауып, жол тайғақ болды. Дегенмен өзбекстандық велошабандоз Убайдулло Абдурахмановтың айтуынша, бұл қиындықтар команданың жігерін қайрап, жеңіске деген ұмтылысты күшейтті. Ол қарсыластардың бәрі осал болмағанын, алайда командалық рух пен дайындықтың арқасында жеңіске жеткенін айтты.

Жеке сайыс кезінде ауа райына байланысты қиындықтар туды, жаңбыр жауып, трасса сәл тайғанақ болды. Таулы аймақпен жүріп өттік. Қарсыластарының бәрі де мықты, іріктеліп келген шабандоздар. Соған қарамастан командамызбен жұмыла жұмыс істеп, жеңіске жеттік, – деді өзбекстандық Убайдулло Абдурахманов.

Осылайша, «Қазақстан оқушысы» велокөпкүндігі жас спортшылардың жарыс алаңында өз қабілетін көрсетіп қана қоймай, жаңа тәжірибе жинауына және бір-бірімен достық байланыс орнатуына мүмкіндік берген маңызды спорттық алаң болды.

Дана Әбдікәрім

Тегтер: F16ҚазақстанӨзбекстанӨскеменСпортхалықаралық веложарыс
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Әуесқой командалар арасында футбол жарысы өтеді – Өскемен

Әуесқой командалар арасында футбол жарысы өтеді – Өскемен

15.08.2025, 10:32
Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59
Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35
ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Әуесқой командалар арасында футбол жарысы өтеді – Өскемен

15.08.2025, 10:32

Денсаулық сақтау министрлігі жыл сайынғы скринингтен өтуге шақырады

15.08.2025, 09:59

Қазақстан тауына аспалы жол салынады: Өскемен әкімдігі іске кірісті

15.08.2025, 09:35

ШҚО-дағы экспорттаушы компаниялар 30 миллиард теңгенің қолдауына ие болған

14.08.2025, 18:09

Туризмді дамытуға бағытталған екі ауқымды іс-шара өтеді — ШҚО

14.08.2025, 17:52

Ертеңнен бастап трамвай жүрмейді – Өскемен

14.08.2025, 17:18

Басқарма басшысы туризмге тұсау болған негізгі проблемаларды атады – ШҚО

14.08.2025, 16:45

ШҚО-да казино ойындарын жарнамалаған блогерлер анықталды

14.08.2025, 16:22

Ертең жаңбырдың соңы бұршаққа айналуы мүмкін – ШҚО

14.08.2025, 15:28

Марқакөлдің жағасында қандай туристік жоба жүзеге асырылатыны белгілі болды

14.08.2025, 15:13

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған