Құтқарушылар 60 шаршы метр алаңға шарпыған тілсіз жауды ауыздықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Көршілердің айтуынша, пәтер иесінде «плюшкин» синдромы бар. Өрт пәтер ішінде жиналған қоқыстың тұтануынан шыққан.
Үш бөлмелі пәтер толығымен әртүрлі заттармен, қажетсіз қоқыстарға толған. Өрт сөндірушілерге тілсіз жауды толықтай ауыздықтау үшін үйілген қоқыстарды сыртқа шығарып, тазалауға тура келді, — дейді ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.
Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.




