F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

ШҚО үздік үштікте: өңірде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік нығайып келеді

admin_f16 admin_f16
16.05.2025, 17:00
Өскемен

Шығыс Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде жүзеге асып жатқан жобалардың дені білім саласына қатысты, деп хабарлайды F16 тілшісі.

Бұл туралы бүгін облыс әкімдігінде Парламент Сенатының Қаржы және бюджет комитеті депутаттарының қатысуымен өткен мемлекеттік-жекеменшік серіктестікті дамыту мәселелеріне арналған дөңгелек үстел отырысында белгілі болды.

Сенат депутаттары, Ұлттық экономика министрлігінің басшылығы, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлік палатасы мен жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдері қатысқан жиынға облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов төрағалық етті.

Белгілі болғандай, Шығыс Қазақстанда мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде жүзеге асып жатқан жоба аз емес. Қазіргі уақытта облыста жалпы құны 12,2 миллиард теңгенің 47 мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шарты жасалды. Оның басым бөлігі білім саласына қатысты жобалар. Дәлірек айтсақ, 4,3 миллиард теңгенің 44 шарты жасалған. Қалған үш жоба дене шынықтыру және спорт (құны 7,8 миллиард теңге), көлік (24,6 миллион теңгеге) пен денсаулық сақтау (16,7 миллион теңге) салаларына тиесілі. Осы ретте жасалған шарттардың 87 пайызы мемлекеттік міндеттемелерді төлеуді талап етпейтін 3 санаттағы жобалар екенін айтқан жөн.

Мемлекеттік-жекеменшік серіктестік аясында қолға алынған жобалардың үлесі бойынша Шығыс Қазақстан облысы елімізде үздік үштіктің қатарында. Дегенмен, сіздердің облыстарыңыздағы жобалардың түгелдей дерлігі білім, денсаулық сақтау мен денешынықтыру және спорт сияқты салаларды қамтиды. Енді басқа бағыттарда да жұмыс жүргізу қажет. Мәселен, облыста туризм, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы сынды салалардың әлеуеті өте жоғары. Жалпы, республикамызда 2017-2021 жылдар аралығында мемлекеттік-жекеменшік серіктестік бағыты қарқынды дамығанын білесіздер. Алайда, соңғы төрт жылда бұл жұмыс бәсеңдеп қалды. Неге? Бүгінгі басқосуда осы мәселені де жан-жақты талқыладық, – деді Сенат депутаты Нұрлан Бекенов.

Ал Бекболат Орынбековтың айтуынша, елімізде мемлекеттік-жекеменшік серіктестік қарқынының бәсеңдеп қалуына заң шикілігі де әсерін тигізуде. Сенат депутаты қолданыстағы заң жобалары кәсіпкерлер үшін түсініксіз екенін айтты. Сол себепті, көп жағдайда бизнес-қауымдастық мұндай жобаларға қатысудан бас тартып жатады.

Алқалы жиын барысында қатысушылар осы және басқа да мәселелерге қатысты пікір білдіріп, ұсыныстарын жеткізді. Ал облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов Парламент депутаттары мен жергілікті бизнес қауымдастық көтерген мәселелер орынды екенін және тығырықтан шығу үшін заңнамаға өзгеріс енгізу қажет екенін айтты.

Кешелі бері біздің облысымыздағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік шеңберінде жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысып жүрсіздер. Сын-ескертпелеріңіз де бар екен. Оның бәрі ескерілетін болады. Негізі, біз диалогқа ашықпыз. Инвесторлармен жұмыс істеуге, оларға жағдай жасауға дайынбыз. Ал бүгінгі жиында көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстарды Үкіметке жеткізесіздер деп ойлаймын, – деді облыс әкімі.

Нұржан Кенжеұлы

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 12:07
«Өскемен» аллеясы абаттандырылатын болады

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54
40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

40 градус ыстық: ШҚО тұрғындарына ескерту жарияланды

16.06.2025, 15:44
Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

Өскемендегі перзентхана жаңа ғимаратқа көшіріледі

16.06.2025, 10:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Спорт жұлдыздары ашық аспан астында жаттығу өткізеді – Өскемен

17.06.2025, 14:03

Зайсан мен Катонқарағайға еуропалық заманауи ұшақтар ұшуы мүмкін

17.06.2025, 13:18

Өскемендегі гинекология бөлімшесіне күрделі жөндеу жүргізілді

17.06.2025, 12:07

Қазақстандықтардың жеке деректері таралып кеткені рас па?

17.06.2025, 11:02

Былтыр Қазақстанға Қытайдан 650 мыңнан астам турист келген

17.06.2025, 10:31

Самар: Сарыбелге баратын жол жөнделіп жатыр

17.06.2025, 10:03

ШҚО-да суару каналдарын тазарту жұмыстары жалғасып жатыр

17.06.2025, 09:51

Президент Қытайды Қазақстанның тату көршісі және уақыт тезінен өткен сенімді стратегиялық серіктесі деп атады

17.06.2025, 09:04

«Өскемен» аллеясы абаттандырылады

16.06.2025, 17:54

Экс-министрдің ұсталғаны туралы қауесетке байланысты қылмыстық іс қозғалды

16.06.2025, 17:22

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған