Өскеменде студент суға батып бара жатқан бес жасар баланы құтқарып қалды, деп хабарлайды F16.kz.
Оқыс оқиға кеше, 13 мамырда күндіз болған. Қаладағы жоғары оқу орындарының бірінде оқитын Ерасыл Омарханов Үлбі өзеніне батып бара жатқан кішкентай баланы кездейсоқ көріп қалады. Ол ойланбастан суға секіріп, бес жасар баланы алып шығады.
Апайының айтуынша, ол бауырын ертіп Үлбінің жағасында серуендеп жүрген. Кенет балақай абайсызда суға құлап кеткен. Өзеннің қатты ағысы оны жағадан алыстатып әкетіп бара жатқанда Ерасыл байқап қалып, көмекке келген.
Ерасыл Омарханов Қазақстан-Американ еркін унивеситетінде оқиды. Ол бұл әрекетін ерлік санамайы, “Менің орнымда басқа біреу болса, ол да осыны істер еді” дейді батыр.
Фото: ШҚО ТЖД