9 мамыр – Жеңіс күні мерекесі қарсаңында өскемендіктер майдангер ата—апаларының ерлігі туралы әңгімелейді. Қала әкімдігі “Ер есімі – ел есінде” жалпыреспубликалық акциясын осылай қолдамақ, деп хабарлайды F16.kz.
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ЖАРИЯЛАНАДЫ
Тұрғындарға екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан ата—апалары, туыстары туралы, олардың майдан даласындағы ерлігі, жеңісті жақындатуға қосқан өлшеусіз үлесі жайында тереңнен толғап, кеңірек баяндауға мүмкіндік беріледі. Ол үшін Telegram ботқа келесі сілтеме бойынша өту керек https://t.me/Eresimi_elesindebot және қысқаша сауалнаманы толтырса болғаны.
Сауалнамада мына деректерді міндетті түрде көрсету керек:
Ардагердің аты—жөні;
Туған жылы, күні айы және қайтыс болған уақыты (егер белгілі болса);
Туған жері;
Әскери борышын өткеген жер;
Ардагердің сапалы фотосуретін қосымша жүктеу керек.
Telegram ботқа жолданған барлық хаттар Жеңіс күні қарсаңында әлеуметтік желілерде жарияланады. Ондағы мақсат – бүгінгі ұрпаққа бейбіт күн сыйлаған ата—апалардың даңқты ерлігі мен қажырлы еңбегін дәріптеп, жас буынның жадында сақтау. “Ер есімі – ел есінен” ешқашан ұмытылмауға тиіс.
КЕРЕК-ДЕРЕК
1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 31 желтоқсаны аралығында Шығыс Қазақстан облысынан 170 059 адам соғысқа аттанып, оның 95 862-і майдан даласында қаза тапқан.
Соғыста ерлігімен көзге түскен 109 шығысқазақстандық жауынгерге· Кеңес Одағының батыры атағы беріліп,·24 жауынгер Даңқ орденінің толық иегері атанды, 45 мыңнан астам жерлесіміз әртүрлі орден-медальдармен марапатталған.
Фото: Өскемен қаласының әкімдігі