Келер жылы Зайсан қаласында аудандық емхананың құрылысы басталады. Медицина мекемесінің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгінде аудан орталығында жұмыс істеп тұрған емхана бұрынғы балабақша ғимаратында орналасқан және осыдан 25 жыл бұрын салынған, ескі. Тозып тұр. Бұл емдеу мекемелерін орналастыру және санитарлық—техникалық қамтамасыз ету бойынша заманауи стандарттар мен талаптарға сай келмейді. Сондықтан жергілікті тұрғындар жаңа емхана салып беруді сұрап отыр.
Сонымен қатар аймақ басшысы облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысына Зайсан ауданы әкімімен бірлесіп жергілікті жерде сырқаттанушылық және өлім—жітім деңгейін төмендету бойынша нақты ұсыныстар енгізуді, қажетті медицина мамандарымен қамтамасыз етуді тапсырды.
Фото: F16.kz.