Біржан ауылдық округіне қарасты Шұбарағаш учаскесінде тұтанған өрт толық оқшауланды.
Тұрғындар мен елді мекендерге қауіп жоқ, зардап шеккендер де болған жоқ.
Екпінді желдің кесірінен 2 мың гектар аумақ отқа оранды.
Тілсіз жауды ауыздықтауға еріктілер мен жергілікті атқарушы органдардан 200-ден астам адам, қажетті техника мен әуеден сөндіру үшін екі тікұшақ жұмылдырылды.
Фото: ШҚО ТЖД баспасөз қызметі