2025 жылдың жаз айларында Қазақстанда 3,2 миллион оқушыны сауықтыру, демалыс және жұмыспен қамтудың түрлі бағдарламаларымен қамту жоспарланып отыр, деп хабарлайды F16.kz тілшісі.
Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сенсек, биыл еліміздегі әлеуметтік тұрғыдан осал санаттағы балаларға ерекше назар аударылмақ.
– «Қазақстан халқына» қорының қолдауымен «Жаздық жолдама» жобасы аясында 10 мың бала тегін демалуға мүмкіндік алады. Басымдық көпбалалы отбасылар мен ауыл балаларына беріледі, – деп жазады дерек көзі.