F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Биыл Өскеменнің шеткері аудандарында көше жолдары жөнделді

F16 F16
01.12.2025, 16:30
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: видеодан алынған кадр

Фото: видеодан алынған кадр

Биыл Өскеменнің орталық көшелерімен қатар шеткері аудандарында да жол жөндеу жұмысы қарқынды жүрді. Бұрын аса көп назар аударылмай келген Ахмер, Ново-Явленка ауылдарында, Аблакетка, Согра шағын аудандарында көше жолдары орташа жөндеуден өтті, деп хабарлайды F16.kz.

Облыс орталығында көше жолдарын жөндеу кезінде тұрғындардың өтініші ескерілгенін айта кету керек. Жөндеу жүргізілетін жолдарды таңдағанда сала мамандары жергілікті халықтың өтініш-тілегін, әлеуметтік желілерде ұйымдастырылған сауалнамалардың нәтижесін, кездесулерде көтерілген мәселерді негізге алды. Содан кейін ғана тиісті көшелер мен учаскелердің тізімі жасалды. Ресми ақпаратқа сүйенсек, биыл Өскемен көшелерінде 35 учаске мен 20 шақырымнан аса жолға орташа жөндеу жүргізілді, жалпы ауданы 30 мың шаршы метр болатын шұңқырлар бітелді. Ал мердігерлер кепілдік мерзімі аясында 75 шақырым асфальт төсемін қалпына келтірді. Бұл атқарылған жұмыстарға мердігер компаниялар 4 жылға дейін кепілдік беріп отырғанын айта кету абзал.

СОГРА ТҰРҒЫНДАРЫ ДӘН РИЗА

Жөндеуі кезек күттірмейтін учаскелердің бірі – Согра шағын ауданындағы Егоров көшесінің жолы. Жергілікті жұрт бірнеше жылдан бері айтып жүрген бұл жол биыл толық жаңарды. Бастапқы жоспар бойынша мұнда тек шұңқырларды бітеу керек болған, қала әкімдігі ойдым-ойдым жолдың аянышты халін көріп, толық асфальт жаюға шешім қабылдады.

Сонымен қатар Соградағы Вешний қиылысы көшесіне толық асфальт төселіп, аялдамалар мен көлік тоқтайтын орындар жасалды.

Қала шетіндегі Ново-Явленка ауылында өмірі асфальт көрмеген жолдар бар. Осы олқылықтың орны толды биыл. Елді мекен тұрғындары қала әкімі Алмат Акышовпен кездескенде ауыл ішіндегі жолдардың мәселесін көтерген. Көп уақыт өтпей төрт көшеге асфальт төселіп, жиектастар қойылды.

Төрт көшенің жолына қиыршық тас төгіп, оны нығыздап, бетіне асфальт жайдық. Енді осы жолдардың қос қапталын нығайтып, бекіттік. Барлығы 12 700 текше метр асфальт төселді, – деген еді мердігер компания өкілі Рүстем Тондыбаев Ново-Явленкадағы атқарылған жұмыстар туралы баян еткенде.

Фото: F16.kz

Жұмыстың сапасына жұрт риза. Бұрын шаңы шығып, ой-шұңқырлы болып жататын қара жол енді тақтайдай тегіс.

Ауылымызға қала әкімі Алмат Ақышов келді, кездесуге бардық. Мәселені айттық. Рахмет, әкім “жолды жөндеп берем” деген сөзінде тұрды. Мердігер компанияның жұмысшыларына да алғыс айтамыз, жылдам әрі сапалы істеді. Бұрын жолымыз тастақ еді, шұңқыр да көп болатын. Қазір тегістелді. Балалар мәз, белесебет теуіп, асфальттта роликпен зулап жүр, – деп ағынан жарылды ауыл тұрғыны Роза Быковская.

Өскемен әкімдігінің жоспарына сәйкес, биыл Ахмер ауылында жаңадан бір жылы аялдама салу ғана қарастырылған. Шаһар басшысы Алмат Ақышов жергілікті халықпен кездесіп, мәселелерін тыңдағаннан кейін бұл жоспарға түзету енгізді. Бірінші кезекте тұрғындарды сарсаңға салған ой-шұңқырлы Құмаш Нұрғалиев көшесіне орташа жөндеу жүргізуге қаражат тауып беретінін айтқан. Биыл жазда 840 метр болатын Нұрғалиев көшесі орташа жөндеуден өткізіліп, жолға су ағатын өткел салынды. Жаңартылған учаске ауыл тұрғындарының жүріп-тұруына қауіпсіз әрі ыңғайлы болды.

 2025 жылы Өскемен қаласында жөндеу жүргізілген көше жолдары:

  • Абай даңғылы — Интернациональная көшесінен «Ескі подхоз» аялдамасына дейін;
    • Шәкәрім даңғылы — Абай даңғылынан Үлбі өзені арқылы өтетін көпірге дейін;
    • Қабанбай батыр көшесі — Новаторлар көшесінен Малдыбаев көшесіне дейін;
    • Интернациональная көшесі бойындағы Үлбі өзені арқылы өтетін көпір;
    • Рейша көшесі;
    • Назарбаев даңғылының бойындағы жол — Виноградов көшесінен 30-шы гвардиялық дивизия көшесіне дейін;
    • Қазақстан көшесі, жергілікті жол — Горький көшесінен Бейбітшілік көшесіне дейін;
    • Қазақстан көшесінен Буров көшесіне дейінгі өткел;
    • Севастопольская көшесі;
    • Көкжал Барақ көшесі — Сәтбаев даңғылынан Солтүстік Магистраль көшесіне дейін;
    • Вешний қысқа көшесі — Согра және Егоров көшелерінің түйіскен жерінде;
    • Геологиялық көшесі — Волочаевская көшесіне шыға беріс;
    • «Болашақ» шағын ауданының орталық көшесі;
    • Евгений Брусиловский көшесі — автовокзал маңы;
    • «Бірінші қалалық» ауруханаға Абай және Шәкәрім даңғылдары жағынан кіретін жолдар;
    • Иванов көшесі — 20-шағын аудан;
    • 21-шағын аудандағы спорт алаңы мен балабақшаға баратын орталық көше;
    • Крылов көшесіндегі көпір.

ТАКСИЛЕР ТОҚТАЙТЫН «ШҰҢҚЫР» ЖӨНДЕЛДІ

Облыс орталығындағы проблемасы көп аудандардың бірі – 21-ші шағын аудан. Биыл жазда жергілікті тұрғындар қала әкімімен кездескенде жолдың батпақ екенін, қоғамдық көлік жүрмейтінін, көшеде жарық жанбайтынын тілге тиек еткен. Шаһар басшысы Алмат Ақышов бұл мәселелер қаржылық мүмкіндікке қарай біртіндеп шешілетінін айтқан. Сөзінде тұрды, жұмысты жолдан бастады.

Жаңбыр жауса мидай езілетін көше жолдарына асфальт төселмесе де уақытша қиыршық тас төгіліп, тегістелді. Көктемде еріген қар суы ағатын арналар бекітіліп, жолға өткел салынды. Келер жылы бұл шағын ауданда орталық көшелердің біріне асфальт жайылады. Жолаушылар тасымалы қызметімен айналысатын компаниялардың есебінше, жергілікті халықтың саны аз болғандықтан бұл ауданға автобус жүргізу тиімсіз. Сондықтан әзірге Қасым Қайсенов кентіне қатынайтын қоғамдық көлікпен жүре тұруға тура келеді.

Фото: видеодан алынған кадр

Өскеменнің қақ ортасында таксилер тұратын “шұңқыр” бар. Дұрысы, халық ол жерді солай атап кеткен. Автобекет іргесіндегі бұл аумақ қыста қар басып, жазда шаңға бөгіп жататын. Жаңбыр жауса батпағы мидай езілетіні бар. Күршім, Самар, Марқакөл сияқты аудандарға жүретін таксилер ежелден осы “шұңқырды” иемденіп алған. Қараусыз қалған аумақты биыл жазда Өскемен әкімдігі қолға алып, ретке келтірді. Таксилер тұрағына барып, жағдайды көзбен көрген қала әкімі Алмат Ақышов аумақты асфальттап, көлік тоқтайтын арнайы орын жасауға тапсырма берді. Көзге сұрықсыз болып көрінетін “шұңқыр” көп ұзамай жайнап шыға келді.

Жақсы болды. Бұрын жаңбыр жауса су жиналып, көлкілдеп кетуші еді. Қыста қары күрелмейтін. Әкімдік асфальт төсеп, шетін бордюрмен бекітті. Бұрын бықсып жататын жер өркениетті көлік тұрағына айналды. Шетіне орындықтар қойылып, қоқыс жәшіктері орнатылды, – деді такси жүргізушісі Жанболат Тұрсынханов.

Сонымен Өскеменде биыл атқарылған жол жөндеу жұмыстары қаланың орталығымен шектелмей, шеткері аудандардың да жағдайын жақсартуға бағытталды. Ахмер, Согра, Аблакетка, Ново-Явленка сияқты елді мекендерде көп жылдан бері шешімін таппай келген көше жолдарының жаңаруы – тұрғындар тілегінің ескерілгенінің айқын дәлелі. Қаланың әр аймағында жүргізілген жүйелі жөндеу жұмыстары халықтың күнделікті өмірін жеңілдетіп қана қоймай, қауіпсіз әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Алдағы жылы да бұл игі бастама жалғасын тауып, Өскеменнің жол инфрақұрылымы одан әрі жақсара түсетініне негіз бар.

Тегтер: F16жол жөндеуИнфрақұрылымӨскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

15.12.2025, 18:45
Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

15.12.2025, 18:15
Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

15.12.2025, 18:02
Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

15.12.2025, 17:27

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Шекара түбіндегі Сарыөлең ауылында жаңа мектеп ашылды — ШҚО

15.12.2025, 18:45

Самар жағалауында демалатын туристер саны 75 пайызға артты

15.12.2025, 18:15

Самардағы 18 мектеп жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етілді

15.12.2025, 18:02

Өскемендік студенттерді түзеу мекемесіне апарды

15.12.2025, 17:27

Биыл Самар ауданында негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер жоғары

15.12.2025, 17:13

Ахмердегі амбулаториялық орталық қолданысқа қашан беріледі?

15.12.2025, 17:03

Риддерде денешынықтыру-сауықтыру кешені салынады

15.12.2025, 16:30

ШҚО-да полиция қатысқан бизнес-форум өтті

15.12.2025, 16:00

Бір бағыттағы жол әлі де жабық, қалғандары ашылды — ШҚО

15.12.2025, 15:45

Қазақстандықтар үшін 2025 жыл қандай болды?

15.12.2025, 15:08

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған