«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясын уақытша Ерлан Қойшыбаев басқарады, деп хабарлайды F16.kz.
Ұлттық компания өкілдері бұл шешім ішкі нормативтік актілерге сәйкес қабылданғанын мәлім етті.
Ішкі нормативтік актілерге сәйкес, «ҚТЖ» ҰК» АҚ логистика жөніндегі басқарма төрағасының орынбасары Ерлан Қойшыбаев компания басшысының міндетін уақытша атқарады, — делінген ресми жауапта.
Айта кетейік, Е.Қойшыбаев – ШҚО-ның бұрынғы әкімі Даниал Ахметовтің қызы Аделия Ахметованың күйеуі. Бұған дейін «ҚТЖ-ның» экс-басшысы Нұрлан Сауранбаев Президент Жарлығымен көлік министрі болып тағайындалған.




