Ертең Өскемен қаласында әскери міндетті азаматтардың қатысуымен тактикалық-арнайы оқу-жаттығулар өтеді, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-жаттығулар Өскемен су электр станциясы (ГЭС) аумағында өткізіледі. Әскери дайындық барысында әскери міндеттілер стратегиялық нысанды қорғау және күзету мәселелерін пысықтайды.
Бұл оқу-жаттығулардың мақсаты — әскери міндетті азаматтардың жауынгерлік даярлығын арттыру және өңірдің стратегиялық маңызды нысандарын қорғау жүйесін жетілдіру.
Жауапты органдар тұрғындардан сабыр сақтап, өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауларын сұрайды.




