Ауа райының қолайсыздығына байланысты Шығыс Қазақстан облысы аумағында кейбір автокөлік жолы жабылады, деп хабарлайды F16.kz.
«ҚАЖсервис» ЖШС облыстық филиалының ақпаратына сүйенсек, 15 қаңтар күні сағат 11.30-дан бастап қарлы боран соғып, көру мүмкіндігі төмендеуіне байланысты ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсанды айналып өту – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы республикалық маңызы бар трассаның 1103-1256 км (Абай обл. шекарасынан Зайсан қ. дейін) аралығында көліктің барлық түріне қозғалыс шектеледі.




