Марқакөл ауданына қарасты Қайнарлы және Самар ауданы Самар ауылдарында бүлдіршіндер жаңа оқу жылын жаңа білім ордасында бастады. Білім күні қарсаңында аталған екі ауданда салынған мектептің құрылысы аяқталып, ел игілігіне берілді, деп хабарлайды F16.kz.
Қайнарлы ауылында шағын орталығы бар, 50 орынға арналған жаңа заманауи мектеп ашылды. Білім ордасы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың білім беру инфрақұрылымын дамыту жөніндегі тапсырмалары және облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың қолдауы аясында салынған.
Жаңа ғимарат заманауи құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда оқушылардың сапалы білім алуына және педагогтердің тиімді жұмыс істеуіне қажетті жағдай жасалған.

Ал Самар ауылында 40 жылдан астам уақыттан кейін алғаш рет жаңа мектеп ғимараты бой көтерді. Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектептің 150 орындық жаңа ғимараты облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған.
Жалпы аумағы шамамен 3,8 мың шаршы метр болатын екі қабатты ғимаратта заманауи оқу кабинеттері, спорт залы, кітапхана және асхана қарастырылған. Сонымен қатар логопед кабинеті, балаларға арналған шағын орталық пен шағын футбол алаңы бар.
Жаңа оқу жылында Самар ауданында 172 бала бірінші сыныпқа қабылданды. Оның 14-і Ыбырай Алтынсарин атындағы бастауыш мектепте білім алмеқ.
Мектептің ашылуына арналған салтанатты жиынға облыс әкімінің орынбасары Ренат Құрмамбаев, Самар ауданының әкімі Серік Жеңісов, аудандық білім бөлімінің басшысы Руслана Закирьянова, педагогтер, ата-аналар мен оқушылар қатысты.
Жаңа білім беру нысандары ауыл балалары үшін заманауи әрі жайлы орта қалыптастыруға мүмкіндік береді. Қайнарлы мен Самардағы мектептердің ашылуы өңірдегі білім беру инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстарының жалғасып жатқанын көрсетеді.




