Өскемен гарнизоны 27943 әскери бөлімінде «Мектепке жол» акциясы аясында оқушыларға қолдау көрсетілді, деп хабарлайды F16.kz.
Акцияға «Фирма «НКГ» ЖШС, «LUI BUTON» гүлдер салоны, «Alatau City Bank» АҚ атсалысып, балаларға сөмке мен мектепке қажетті құрал-жабдықтар табыстады.
Көмек алушылардың тізімі әскери қызметкерлердің әлеуметтік жағдайына қарай анықталады. Яғни, әлеуметтік жағдайға қарамастан бүлдіршіндер мектепке уақытылы баруы керек. Шараның мақсаты – оқушыларды қажеттіліктерімен қамтамасыз ету, — деді 27943 әскери бөлім командирі Жаннұр Саткынов.
Айта кету керек, бұл игі шара аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларына, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған оқушыларға жаңа оқу жылына дайындықта көмектесуді көздейді.




