Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау күтіп алды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Мемлекет басшысы Президент Дональд Трамппен келіссөз жүргізіп, «Орталық Азия — АҚШ» саммитіне қатысады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты АҚШ-та оқитын қазақ студенттері қарсы алды
Мемлекет басшысы отандастарымызбен аз-кем әңгімелесіп, оларға табыс тіледі.




