Өскеменде қоқыс толған пәтердің өртенуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды F16.kz.
Облыстық полиция департаменті таратқан ақпаратқа сүйенсек, ҚР Қылмыстық Кодексінің 204-бабы 2-бөлігіне (Бөтеннің мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру) сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Соның нәтижесінде өрттің нақты шығу себебі және оқиғаның барлық мән-жайы анықталады. Тергеу қорытындысы бойынша қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес процессуалдық шешім қабылданады, — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, 5 ақпан күні Әуезов даңғылы, № 49Б мекенжайында көпқабатты үйдегі «ерекше пәтерден» өрт шыққан. Пәтердің іші қоқыс толған, өрт сөндірушілер тілсіз жаумен 8 сағаттан астам уақыт бойы күресті.




