9 тамыз күні Ұлы Абайдың 180 жылдығына орай Солжағалау саябағында мәдени шаралар ұйымдастырылады, деп хабарлайды F16.kz.
Шара аясында аталған саябақтағы Абайдың үйіне экскурсия жасап, қолөнер шеберлерінің көрмесін тамашалауға болады.
Облыстың филармония әртістерінің қатысуымен концерттік бағдарлама, ұлттық ойындар мен арнайы викориналар да өткізіледі. Барлық қала тұрғындары мен қонақтарын шақырамыз, — дейді облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи-ландшафтық музей-қорығының баспасөз қызметі.
Шара Солжағалау саябағында сағат 10.00-де басталады.




