Облыс орталығында адамдар жыл бойы тұратын 2 саяжайға жарық тартылады. Бұл туралы ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов тұрғындармен есептік кездесуден кейін айтты, деп хабарлайды F16.kz.
Қазір «Металлург-2» және «Энергетик» кооперативтеріне электр қуатын беруге дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тұрғындар жыл бойы тұратын бау-бақша серіктестіктерінде электр беру желілері қаланың коммуналдық меншігіне қабылданып, қызмет көрсету тізбесіне енгізілді, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.
Алдын ала жүргізілген есеп бойынша «Металлург-2» бау-бақша серіктестігіне 60, «Энергетикке» 54 жарықтандыру тірегі қажет көрінеді.
Аймақ басшысы көше шамдарын орнату мәселесі «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында қолдау тапқанын атап өтті.




