Бүгін Шығыс Қазақстан облысының бірқатар елді мекендерінде тұрғындар түтін мен күйік иісінің таралғанын айтып жатыр. Куәгерлердің сөзінше, Шемонаиха мен Белоусовка аумағында және өзге де жақын елді мекендерде тұман аралас түтін байқалған, деп хабарлайды F16.kz сайты.
Жергілікті тұрғындар кей жерлерде көріну қашықтығының төмендегенін, ауада жағымсыз иістің сезілетінін айтады. Бұл жағдай әсіресе таңертеңгі және кешкі уақыттарда күшейе түскен.
— Ресей Федерациясының Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметіне сәйкес, Шығыс Қазақстан аумағындағы түтінді тұман Краснояр және Алтай өлкелерінде, сондай-ақ Омбы, Иркутск облыстары мен Ресейдің Сібір өңірлеріндегі басқа да аймақтарда тіркелген табиғи өрттердің салдарынан пайда болған, — деп хабарлады ШҚО ішкі саясат бөлімінде.
Қазіргі уақытта тиісті қызметтер атмосфералық ауаның жағдайын тұрақты бақылауда ұстап отыр.




