7 желтоқсан күні Шемонаиха-Усть-Таловка автожолында қайғылы жағдаймен аяқталған жол апаты болды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО полиция департаментінің мәліметінше, Toyota Corona Premio және Toyota Hilux автокөліктері соқтығысқан.
Toyota Corona Premio жүргізушісі мен екі жолаушысы алған жарақат салдарынан оқиға орнында көз жұмды, — деді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.




