2025 жылы Шығыс Қазақстан облысының экономикасы тұрақты оң динамиканы көрсетті. Өнеркәсіп өндірісі – 129%, инвестиция – 117%, құрылыс – 116%, ауыл шаруашылығы – 115%-ға өсті. Жеке кірістер – 113%-ға ұлғайып, 195 млрд теңгеге жетті. Бұл туралы ОКҚ алаңында өңір әкімі Нұрымбет Сақтағанов мәлім етті.
23 мың жұмыс орны құрылды, оның 17 мыңы – тұрақты. Жұмыссыздық деңгейі орташа республикалық көрсеткішпен бірдей – 4,6%. Жыл соңына дейін облыстың жалпы өңірлік өнімі 102%-ға артып, 5,5 трлн теңгеге жетеді деп болжанып отыр, — деді аймақ басшысы.




