F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыстың жас сарбаздары халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындалып жатыр

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
17.06.2026, 15:07
Жаңалықтар
Шығыстың жас сарбаздары халықаралық әскери-патриоттық жастар жиынына дайындалып жатыр

Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі

21–27 маусым аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында Шоқан Уәлиханов атындағы Әскери колледждің «Амандық» оқу-жаттығу орталығында XII «Айбын-2026» халықаралық әскери-патриоттық жастар жиыны өтеді. Биыл айтулы додаға Қазақстанның барлық өңірлерінен іріктелген құрамалар, Қарулы Күштер мен өзге де күштік құрылымдардың әскери-патриоттық клубтары, әскери колледждер және мамандандырылған лицейлерден құралған 53 команда қатысады, деп хабарлайды F16.kz.

Сонымен қатар халықаралық деңгейдегі жарысқа Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Өзбекстан мемлекеттерінің командалары да бақ сынамақ.

«Айбын-2026» бағдарламасы әскери-спорттық, зияткерлік және шығармашылық бағыттағы түрлі сайыстарды қамтиды. Қатысушылар әскери кросс пен эстафетада, «Күшіміз бірлікте» әскери-тактикалық ойынында, ату жарыстарында, АК-74 автоматын толық емес шашып-жинауда, белтемірге тартылуда, робототехника сайыстарында және «Айбын дарыны» зияткерлік байқауында өз шеберліктерін көрсетеді.

Шығыс Қазақстан облысының намысын облыстық «Айбын-2026» жарысында үздік нәтиже көрсеткен сарбаздардан құралған «Сұңқар» командасы қорғайды. Команда құрамында 15 жас сарбаз бар, оның ішінде 5 қыз және 10 ұл. Құрамаға Күршім ауданынан – 4, Алтай ауданынан – 6, Тарбағатай ауданынан – 2 және Ұлан ауданынан 3 қатысушы кірген.

«Айбын» әскери-патриоттық жастар жиыны – жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік қасиетті қалыптастырып, әскери қызметке деген қызығушылықты арттыратын маңызды жоба. Биылғы жарысқа Шығыс Қазақстан облысының намысын қорғайтын «Сұңқар» командасы үздіктер қатарынан іріктеліп, тыңғылықты дайындық жүргізуде. Команда құрамындағы әрбір жас сарбаздың жеңіске деген жігері мен жауапкершілігі жоғары. Біз олардың халықаралық деңгейдегі додада өздерінің білімін, дайындығын және рухын лайықты деңгейде көрсететініне сенімдіміз. Жас өрендерімізге сәттілік тілеп, ел намысын абыроймен қорғап қайтуына тілектеспіз, – деді «Жас Сарбаз» балалар мен жасөспірімдердің әскери-патриоттық қозғалысы» РҚБ Шығыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы Дәурен Шоматов.

Қазіргі уақытта «Сұңқар» командасының мүшелері Алтай қаласындағы Сағадат Нұрмағамбетов атындағы мектеп базасында оқу-жаттығу жиындарын өткізіп, халықаралық жарысқа жан-жақты дайындық жүргізіп жатыр.

Тегтер: АйбынәскериШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04
Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

«Алтай – түркі әлемінің алтын бесігі»: фестивальге жан-жақты дайындық жүріп жатыр

08.07.2026, 09:16

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған