F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Түркияға қош келдіңіз!»: Анкара Тоқаевты қазақша қарсы алды

Оразай Жеңісұлы Оразай Жеңісұлы
28.10.2026, 23:33
Жаңалықтар

Түркия астанасы Анкара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ресми сапарына айрықша ықылас танытты. Қала көшелеріндегі электронды экрандардан екі ел басшысының портреттері көрсетіліп, ғимараттар Қазақстан мен Түркияның мемлекеттік туларымен безендірілген. Ал Этимесгут әуежайында Мемлекет басшысын Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоғанның өзі қарсы алды, деп хабарлайды F16.kz.

Анкара көшелеріндегі дайындық барысын Қазақстандық журналистер әлеуметтік желілерде жариялады. Үлкен экрандардан Қасым-Жомарт Тоқаев пен Режеп Тайып Ердоғанның бейнелері көрсетіліп, олардың жанында қазақ және түрік тілдерінде құттықтау жазулары орналастырылған.

«Қазақстан Республикасының Президенті, Жоғары Мәртебелі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев мырза, Түркияға қош келдіңіз!» деген жазу қазақ тілінде жарияланған.

Қазақстандық журналист Саяна Санакова Анкара көшелеріндегі көріністерді көрсетіп, Мемлекет басшысының сапарына жасалған дайындыққа назар аударды.

«Анкараның басты көшелерінде, ғимараттардың қасбеттерінде біздің Президенттің портреті, ал қасында Қазақстан мен Түркияның тулары желбіреп тұр», – деді ол.

Журналистің айтуынша, мұндай көріністер ресми келіссөздер басталмай тұрып-ақ Түркия тарапының Қазақстан Президентінің сапарына ерекше мән беріп отырғанын аңғартады.

Қазақстандық журналист Вероника Вишневская да Тоқаевтың сапарына арналған құттықтау экрандарының кадрларын жариялады.

Президенттік ұшақ пен құрметті қарауыл

Қазақстандық делегацияның Түркияға келу сәтін Qazaqstan ұлттық телеарнасының журналисі, «Ақорда» бағдарламасының жүргізушісі Ақдария Мұхаддас та көрсетті. Жарияланған видеода бортында QAZAQSTAN деген жазуы бар Президенттік ұшақ пен оның алдында сап түзеген түрік құрметті қарауылы бейнеленген.

Ақорданың мәліметінше, Этимесгут әуежайында Қасым-Жомарт Тоқаевты Режеп Тайып Ердоған жеке өзі қарсы алған.

Президенттер қандай мәселелерді талқылайды?

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп ТайыпЕрдоғанның шақыруымен ресми сапармен барды. Кездесубарысында екі ел арасындағы кеңейтілген стратегиялық әріптестікті одан әрі дамыту мәселелері талқыланады.

Түркияның A Haber телеарнасының хабарлауынша, келіссөздерде екіжақты қарым-қатынастар, энергетика, сауда және өңірлік мәселелерге басымдық берілуі мүмкін.

Сапар бағдарламасына сәйкес, Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне де қатысады.

 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

17.11.2026, 17:21
«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

17.11.2026, 16:26
Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

17.11.2026, 15:54
Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

17.11.2026, 15:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

«BEREL» ел чемпионатында жеке-дара көш бастады

17.11.2026, 17:21

«Әділет» партиясының білім беру саласындағы бастамалары

17.11.2026, 16:26

Телефон қуаттаймыз деп кіріп, алтын алқаны ұрлап кеткендер ұсталды — Өскемен

17.11.2026, 15:54

Зайсан аэродромын сертификаттау рәсімі басталды

17.11.2026, 15:34

ШҚО-да 80 жоба мемлекеттік қолдауға ие болды

17.11.2026, 14:07

Өскеменде техника тұрған қойма өртенді

17.11.2026, 12:31

SHEBER: шығысқазақстандық қолөнершілер бұйымдарын платформа арқылы сата алады

17.11.2026, 11:21

Сәби Риддерден Өскеменге санавиация рейсімен шұғыл жеткізілді

17.11.2026, 10:27

Қар көшкіні: ШҚО-да 325 қауіпті учаске бар

17.11.2026, 10:17

Өскеменде бүгін ауа ластанады

17.11.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған