F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

«Жолымызды талқандады»: Катонқарағай халқы дабыл қақты

admin_f16 admin_f16
14.04.2025, 14:00
Жаңалықтар

Шығыс Қазақстан облысының Катонқарағай ауданы аумағында жүк көліктері Өскемен-Катонқарағай—Рахман қайнары республикалық жолының тас талқанын шығарды. Трассаның қазіргі жағдайын видеоға, фотосуретке түсірген тұрғындар F16.kz редакциясына хат жолдап, дабыл қақты.

МӘСЕЛЕНІҢ МӘН—ЖАЙЫ

Жергілікті жұрттың айтуынша, биыл көктемде Катонқарағай ауданының Белқарағай ауылы маңында әуежай құрылысы басталған. Содан бері әуе айлағын салып жатқан компанияның 40 тонналық алып жүк көліктері арылы—берілі ағылып, сайрап жатқан тақтайдай асфальт жолдың түгін қоймай бүлдірген. Бұл жағдай тұрғындардың ашуын туғызды. Әлеуметтік желілерде асфальті қопарылып, ойылған жолдың фото—видеолары тарап, қызу талқыға түсті. Желі қолданушылары: “Қаншама жыл тұрған жолдың тас талқанын шығарыпты”, “Аэропорт салып біткенше жол да бітеді”, “Ес білгелі мұндай болмаған біз жақта”, “Әуежай саламыз деп тас жолды талқандады”, “Иә, бізде солай, бірдеңені жасау үшін басқаны бүлдіреді, мынадай машиналарға жанама жол жасау керек еді, енді жолды жөндегенге ақшаны қайдан алады?» деген ауанда пікірлерін жазып жатыр.

ЖОЛ ДА, ӘУЕЖАЙ ДА БОЛАДЫ

Шығыс Қазақстан облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов бұл мәселені білетінін, туристік маусым басталғанға дейін жол қалпына келтірілетінін айтты.

Мәселені білеміз. Бірақ, Президент тапсырмасы орындалуға тиіс. Қосымша жол салу мүмкін емес. Бұзылған жол туристік маусым басталғанша қайта қалпына келтіріледі. Істеліп жатқан жұмыстар халық үшін екенін түсініңіздер! Сәл сабырлық танытсаңыздар, жол да болады, әуежай да салынады, – деді басқарма басшысы.

ЗАМАНАУИ ҰШАҚТАРДЫ ҚАБЫЛДАЙДЫ

Президент Қасым-Жомарт ТоқаевЗайсан және Катонқарағай аудандарының курорттық аймақтарында жаңа әуежай салу жөнінде тапсырма берген. Жуықта еліміздің көлік министрі Марат Қарабаев пен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов екі әуежайдың құрылысы ресми түрде басталғанын мәлімдеді.

Қатонқарағай әуежайына Белқарағай ауылы маңынан 266 гектар жер бөлінген. Жоба аясында болашақта кеңейту мүмкіндігі бар 2,2 мың метрлік ұшу-қону жолағы қарастырылған. Әуе айлағы Bombardier Q400, ATR-72 және басқа да заманауи ұшақтарды қабылдай алады.  

Сонымен қатар мұнда төрт әуе кемесіне арналған перрон, 4 мың шаршы метрлік заманауи аэровокзал, командалық-диспетчерлік пункт, апаттық-құтқару қызметі, метеостанция және радионавигациялық жабдықтар қарастырылған. 

Фото: F16.kz/видеодан алынған кадр 

БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

27.06.2025, 15:38
ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

27.06.2025, 15:33
Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

27.06.2025, 15:04
Биыл 5,5 мың қандас көшіп келді

Биыл елімізге 5,5 мың қандас қоныс аударды

27.06.2025, 14:30

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО әкімі: Біз өндіріс жүргізуді үйрендік және шетелдік тауарлармен бәсекелесе аламыз

27.06.2025, 15:38

ШҚО-да суармалы жерлерді ұлғайту жоспары орындалмай жатыр

27.06.2025, 15:33

Алматыда әскери қызметкерлерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

27.06.2025, 15:04

Биыл елімізге 5,5 мың қандас қоныс аударды

27.06.2025, 14:30

Заң бұзғандарды дронмен табады: Астанада тың тәсіл қолға алынды

27.06.2025, 14:00

Жол жөндеу: 104 шақырымға асфальттың төменгі қабаты төселді

27.06.2025, 13:35

Тағы мың мектеп жаңғыртудан өтеді

27.06.2025, 12:28

Назарбаев даңғылындағы жаяу жүргіншілер өткелі қайта ашыла ма?

27.06.2025, 12:04

Астанада бокстан Әлем кубогы үшін жарыс өтеді

27.06.2025, 11:39

Басты мақсат – өңірдегі бизнес-ахуалды жақсарту – ШҚО әкімі

27.06.2025, 11:11

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2025. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған