Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Альмира Мусинова А және В санатындағы отбасыларды верификациялау және әлеуметтік төлемдерді біріздендіру жұмыстарының барысы туралы баяндады, деп хабарлайды F16.kz.
Жаңа Заңның қабылдануына байланысты келесі жылдан бастап мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу тетігі өзгереді. Қолдау шараларын тағайындау кезінде төлем алуға негіздердің болуы ғана емес, jтбасының цифрлық картасындағы мәліметтер негізінде айқындалатын жанұяның әлеуметтік әл-ауқат санаты да ескеріледі.
«Облыс бойынша барлығы 17 мыңға жуық азамат сауалнамадан өтті, оның ішінде «А» санаты бойынша — 2 789, «В» санаты бойынша — 14 146 адам. Жалпы, осы екі санат бойынша жүргізілген жұмыс 100 пайыз орындалды. Қазір отбасының әл-ауқатын бағалау әдістемесі пысықталып жатыр. Реформа кезең-кезеңімен, пилоттық режимде жүзеге асырылады», — деді Альмира Мусина.




