Енді ата-аналар мен заңды өкілдер баланы бір мектептен екінші мектепке eGov.kz порталы арқылы ауыстыра алады, деп хабарлайды F16.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің ақпаратына сенсек, порталда тұрғылықты жері бойынша немесе одан тыс кез келген білім беру ұйымын таңдап, өтінішті электронды түрде беру мүмкіндігі қарастырылған.
– Бұл қызмет есептен шығару және бекіту талондарын, сондай-ақ жеке іс құжаттарын тапсыруды талап етпейді. Өтініш беруші оқу тілін таңдап, қажет болса, өтінішін қайтарып ала алады, – деп жазады дерек көзі.
Қызметті алу үшін:
- eGov.kz порталында тіркелу;
- «Білім» → «Орта білім» бөлімінде «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру» қызметін таңдау;
- Өтінішті толтырып, ЭЦҚ көмегімен қол қою;
- Нәтижемен Жеке кабинетте танысу керек.




