F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қазақстан мен Әзербайжан Транскаспий талшықты-оптикалық байланыс желісін іске қосты

Lazzat Kanatqyzy Lazzat Kanatqyzy
16.10.2026, 09:03
Жаңалықтар
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Қазақстан мен Әзербайжан Каспий теңізінің түбі арқылы өтетін суасты талшықты-оптикалық байланыс желісін тартып, өз телекоммуникация жүйелерін алғаш рет өзара байланыстырды. Жобаның салтанатты іске қосылуына Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Әлиев қатысты, деп хабарлайды F16.kz ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Жаңа инфрақұрылым Азия мен Еуропа арасында деректер жеткізетін қосымша бағыт ашып, Қазақстанның халықаралық цифрлық транзиттегі рөлін күшейтеді.

Транскаспий ТОБЖ-сі Қазақстанның Қытайға шығатын құрлықтағы желілерін Әзербайжанның инфрақұрылымымен, ары қарай Кавказ бен Еуропа желілерімен тоғыстырады. Осылайша, халықаралық трафикті өткізу мүмкіндігін кеңейтетін және қолданыстағы байланыс арналарын сақтандыратын жаңа бағыт қалыптасады.

Бұл желінің іске қосылуы Қазақстан үшін халықаралық байланыс орнықтылығының артуын және ғаламдық желіге шығу бағыттарының әр алуандығын білдіреді. Балама маршруттың болуы байланыс операторларына деректер ағынын икемді бөлуге және жекелеген бағыттарға тәуелділікті азайтуға жол ашады. Ал аймақ үшін жоба халықаралық цифрлық инфрақұрылымға қосылудың және Азия мен Еуропаның ірі нарықтары арасындағы транзитті дамытудың қосымша мүмкіндіктерін жасайды.

Суасты кабеліне 64 оптикалық талшық орналастырылған. Желінің жобалық өткізу қабілеті 400 Тбит/с-тан асады. Бұндай қуат қоры деректер тасымалын арттыруға және жоғары жылдамдық пен сенімді байланысты талап ететін сервистерді дамытуға берік негіз болады.

Сонымен қатар жаңа бағыт Қазақстанда деректер өңдеу орталықтарын (ДӨО), бұлтты платформаларды және жасанды интеллектке арналған есептеу қуаттарын орналастыру мүмкіндігін арттырады. Халықаралық технологиялық компаниялар үшін сыйымды байланыс арналарының болуы мен сигнал кідірісінің төмендігі — алаң таңдауда және шетелдік клиенттерге қызмет көрсетуде басты шарттардың бірі. Уақыт көрсеткіштеріне сүйенсек, Ақтау — Ыстанбұл бағытындағы сигнал кідірісі небәрі 34 миллисекундты құрайды.

Халықаралық байланыс деңгейін арттыру Қазақстанға деректер транзитін арттырып қана қоймай, оларды сақтау мен өңдеу бойынша дербес қызметтерін де дамытуға жағдай жасайды, — деп атап өтті ҚР Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұл отандық технологиялық компаниялардың сыртқы нарықтарда жұмыс істеуіне жол ашып, елдің цифрлық инфрақұрылымға инвестиция тарту тартымдылығын арттырады.

Болжамға сәйкес, жаңа бағыттың арқасында транзиттік трафик көлемі екі еседен астам өсіп, таяу жылдары 21,6 Тбит/с-қа жетуі мүмкін.

2025 жылы белсенді жұмыстар басталғаннан кейін желіні іске қосқанға дейін екі жылдан аз уақыт өтті. Жобаны жүзеге асыру үшін теңізде зерттеулер жүргізіліп, маршрут кеме қатынасы, әскери және мұнай-газ қызметінің ерекшеліктері ескеріле отырып келісілді, сондай-ақ Каспий теңізінің түбіне кабель төсеудің техникалық күрделі жұмыстары орындалды.

Каспий теңізі арқылы өтетін талшықты-оптикалық байланыс желісінің іске қосылуы — екі ел президенттерінің қолдауымен жүзеге асқан ортақ жоба және Қазақстан мен Әзербайжан арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайтудың нақты дәлелі.

Тегтер: ӘзербайжанҚазақстанхалықаралық ынтымақтастық
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30
Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16
Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46
ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Аэродром дайын: Зайсан әуежайы ашылатын күн алыс емес

13.11.2026, 19:30

Өскеменде «Мықты отбасы – қуатты қоғам» форумы өтті

13.11.2026, 18:16

Шығыс жастары экологиялық жауапкершілік мәселесін талқылады

13.11.2026, 16:46

ОСК төрағасы ШҚО-дағы сайлау комиссияларының деңгейіне баға берді

13.11.2026, 16:34

Президент «Самұрық Қазына» мен «ҚТЖ» басшыларының ұсталуына қатысты мәлімдеме жасады

13.11.2026, 15:36

Театр, косплей және медиа студиясы бар: Сарытеректе бірегей мәдениет үйі ашылды

13.11.2026, 15:30

NASA Space: Өскеменде алғаш рет ғарыш фестивалі өтеді

13.11.2026, 11:12

ШҚО-да сайлау науқанына дайындық барысы пысықталды

13.11.2026, 10:05

18-ден асқан «ерекше» балаларды қолдау орталығы жоқ: Өскемен тұрғындары мәселе көтерді

13.11.2026, 09:20

Алтайдың жәрмеңке-керуені Алатауға жол тартады

12.11.2026, 16:47

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған