Шығыс Қазақстан облысының әкімі Нұрымбет Сақтағанов шекарашыларды кәсіби мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды F16.kz.
Бүгін Қазақстанда Шекара әскерлері күні аталып өтуде. Мемлекеттік шекараны қорғау – тек әскери борыш емес, сонымен бірге зор абырой. Шекарашылардың табандылығы, ерлігі және Отанға деген адалдығына — елдің қауіпсіздігі, халықтың тыныштығы және болашаққа деген сенімі тікелей байланысты. Осы айтулы күні шекара қызметінің қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан, Тәуелсіз Қазақстанның қорғаушыларын тәрбиелеген ардагерлерге ерекше алғыс білдіреміз.
Барлық шекара әскерлері қызметкерлеріне мықты денсаулық, отбасыларына амандық, қызметтеріне табыс және ашық та бейбіт аспан тілеймін», – деді өңір басшысы.




