Жыл басынан бері 55 шетелдік сот шешімімен Қазақстаннан шығарылып, 5 жылға елге кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды F16.kz.
ШҚО полиция департаментінің көші-қон қызметі шетелдік көші-қон заңнамасын бұзған 350-ден астам адамды анықтаған.
Аудандардың бірінде жүргізілген рейд барысында уәкілетті органның рұқсатынсыз жұмыс істеген 36 шетелдік ұсталды. Олар депортацияланып, жұмыс берушіге 200 АЕК көлемінде айыппұл салынды, — дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Тәртіп сақшылары рейд жүргізіп, шетелдік азаматтардың тіркеу мекенжайын, сондай-ақ қабылдаушы тараптың хабарламасы бар-жоғын тексеруді жалғастырады.




