Қырғызстанға ресми сапармен барған Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкектегі «Ата бейіт» ұлттық тарихи-мемориалдық кешенін зиярат етті, деп хабарлайды F16.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.
Кешенде Отанына әр кезеңде қалтқысыз қызмет еткен қырғыз халқының даңқты перзенттері, сталиндік репрессия құрбандары жерленген. Кешенге «Ата бейіт» атауын жазушы Шыңғыс Айтматов ұсынған.
Мемлекет басшысы мемориалдық кешен аумағындағы 1916 жылғы үркіншілік құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоғын қойды.
Ресми сапар аясында екі елдің президенттері келіссөз жүргізіп, Қазақстан мен Қырғызстанның Жоғары мемлекетаралық кеңесінің жетінші отырысына қатысады.




