Шығыс Қазақстан облысының шалғай ауылдарына «Саламатты Қазақстан» пойызы келеді, деп хабарлайды F16.kz.
10-25 қыркүйек аралығында Предгорное, Черемшанка, Заводинка, Тұрғысын ауылдары, Тишинская, Таусамалы, Күмістау, Бұқтырма станциясының тұрғындары дәрігерлерден, медиатор мен заңгерден тегін медициналық және құқықтық көмек ала алады.
Айта кетейік, аталмыш акция «Samruk-Kazyna Trust» қайырымдылық қорының бастамасымен ұйымдастарылып отыр.




