F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Қасым-Жомарт Тоқаев Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

F16 F16
22.08.2025, 14:17
Жаңалықтар
Фото: Ақорда

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым—Жомарт Тоқаев Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты «Алтын Қыран» орденімен марапаттады, деп хабарлайды F16.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Президент Тоқаев марапаттау рәсімінде Садыр Жапаровты қырғыз халқын алға бастап келе жатқан нағыз көшбасшы, білікті саясаткер деп білетінін айтты.

Қырғызстанды көркейту жолындағы қажырлы еңбегіңізді жоғары бағалаймыз. Салиқалы саясатыңыздың арқасында еліңіз дамудың жаңа кезеңіне қадам басты. Қырғыз экономикасы жоғары қарқынмен дамып келеді. Өзіңіздің бастамаңызбен түрлі салада тың, ірі жобалар жүзеге асырылып жатыр. Әлеуметтік салада, ғылым-білім жүйесінде ауқымды өзгерістер жасалуда. Мұның барлығы қырғыз елінің экономикасын нығайтып, халықаралық сахнадағы абырой-беделін арттыра түсетіні сөзсіз. Сіздің көреген қадамдарыңыз аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайтуға септігін тигізді. Парасатты басшылығыңызбен бауырлас қырғыз жұрты бұдан да биік белестерді бағындыра беретініне кәміл сенемін, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақстанда бір туған бауырлас ел ретінде Қырғызстанның барлық жетістіктеріне шын жүректен қуанатынын жеткізді.
Қазақ пен қырғыз – ежелден еншісі бір, ағайынды халықтар, салт-дәстүрі мен тарихы ортақ елдер. Біздің тіліміз бен діліміз, атымыз бен затымыз – ұқсас. Бүгінде елдеріміз арасында өзара сенім мен сыйластыққа негізделген қарым-қатынас орнаған. Одақтастық рухындағы байланысымыз нығайып келеді. Қос мемлекеттің стратегиялық әріптестігі қарқынды дамып жатыр. Сіз бұл іске өлшеусіз үлес қосып жатсыз. Бірлескен күш-жігеріміздің арқасында қазақ-қырғыз ықпалдастығы жаңа қарқын алды. Стратегиялық әріптестікті тереңдетуге бағытталған тың бастамалар көтерілді. Мемлекеттеріміздің мүддесіне сай жаңа ортақ жобалар қолға алынды. Маңызды бастамалар қос халыққа тән шынайы бауырластықты көрсетіп, достығымызды одан әрі бекемдей түседі деп санаймын. Қазіргі алмағайып кезеңде осы ынтымағымызды күшейтудің айрықша мәні бар. Себебі, біздің мызғымас бірлігіміз – баға жетпес байлығымыз. Қырғыздың залқар ақыны Тоқтағұл Сатылғановтың «Жақсы адамның белгісі – ел қамы үшін күйінер» деген сөзі бар. Сіз қырғыз елін өркендету жолында табанды еңбек етіп, халқыңызға адал қызмет етіп келесіз. Сондай-ақ халықтарымыз арасындағы достық қарым-қатынасты нығайта түсуге орасан зор еңбек сіңіріп жатсыз. Мұны барша қазақ жұрты жақсы біледі. Осыған орай, мен Сізді Қазақстан Республикасының ең жоғары мемлекеттік наградасы – «Алтын Қыран» орденімен марапаттау туралы шешім қабылдадым. Бұл награда – Қазақ елінің Сізге және бүкіл қырғыз халқына деген ерекше құрметі мен шынайы алғысының риясыз белгісі, – деді Президент.

Садыр Жапаров Қазақстан Республикасының жоғары мемлекеттік наградасымен марапаттағаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа және қазақ халқына алғыс айтып, мұны Қырғыз еліне көрсетілген сый-құрметтің белгісі ретінде қабыл алғанын жеткізді.

Сондай-ақ бұл екі елдің стратегиялық серіктестігі мен одақтастығының жоғары деңгейін айқындайтынын атап өтіп, уақыттың барлық сынынан өткен ынтымақтастықтың алдағы кезеңде де нығая беретініне сенім білдірді.

Тегтер: TopАлтын ҚыранЖапаровҚазақстанҚырғызстанмарапатТоқаев
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00
Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00
Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сайлауалды үгіт материалдарын орналастырудың шарттары және тәртібі туралы ақпараттық хабарлама

09.07.2026, 18:28

ШҚО-да жарты жылда 21 мыңнан астам мемлекеттік қызмет көрсетілді

09.07.2026, 09:00

Бұқтырма су қоймасындағы паром өткелі күшейтілген жұмыс режиміне көшеді

09.07.2026, 08:00

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған