F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Mongol Rally-2025: Өскеменге бүкіл Еуропа көшіп келгендей болды

F16 F16
23.08.2025, 18:10
Жаңалықтар, Өскемен
Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Фото: ШҚО әкімінің баспасөз қызметі

Ондаған мың шақырым жолды артқа тастаған автошерушілер бүгін Өскеменде мәреге жетіп тоқтаты. Шығыстың бас шаһары халықаралық Mongol Rally қатысушыларын ыстық ықыласпен қарсы алып, ерекше қошемет көрсетті, деп хабарлайды F16.kz.

Әлемнің 24 елінен 106 команда (300-ден астам адам) қатысқан автошеру 13 шілде күні Чехияның астанасы Прагада басталған. Темір тұлпар тізгіндеген шабандоздар Еуропадан Азияға дейінгі ұлан-ғайыр аумақты қозғалтқыш көлемі аз көліктермен көктей өтіп, соңғы аялдама – Өскеменге тоқтады.

Mongol Rally автошеруінің бір ерекшелігі, мұнда сайыскерлер зауыттан шыққанына 30 жылдан асқан «шағын көліктермен» алыс қашықтықты жүріп өтеді және жолда кездескен барлық қиындықтарды ешкімнің көмегінсіз өздері еңсеруге тиіс. Ұйымдастырушылар тарапынан да ешқандай техникалық көмек көрсетілмейді. Сонымен қатар ралли барысында жиналған қаражаттың бір бөлігі қайырымдылық мақсаттарға жұмсалады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шеруге қатысқан командалардың дені Ұлыбритания мен Италия елдерінің өкілдері.

Норвегиялық команданың бір мүшесі сапарға мотоциклмен шықты. Жолда оның көлігі төрт рет бұзылды, бірақ оны қайта жөндеп алды. Бізге көліктерді тасымалдауға көмектесетін компания бар, сондай-ақ олар логистикалық мәселелерді шешуге де қолдау көрсетеді. Бұл автошеруге қатысатын адамдар Италияда жылдан-жылға көбейіп келеді. Олар раллиге ерекше қызығушылық танытады, – деді Mongol Rally автошеруінің ұйымдастырушысы Нэйтон Хэйт.

Mongol Rally қатысушылары былтыр да Өскеменде мәреге жеткен. Шығыс жұрты осымен екінші жыл қатарынан еуропалық автошерушілерді құшақ жайып қарсы алып, жылы қабақ танытып жатыр. Қазақ елінің кең қолтық қонақжайлығы сайыскерлерге де әбден ұнаған сияқты. Олар Шығыстың әсем табиғатына тамсанып, жергілікті жұрттың меймандостығын аузының суы құрып айтады.

Мен бұл жарысқа төртінші жыл қатысып тұрмы. Біз екі мәшінмен келдік. Сапардан алған әсерім керемет, сөзбен айтып жеткізу қиын. Түрлі жолдармен жүріп, түрлі қиындықтарды еңсердік. Күш-жігердің, рухтың мықтылығы сыналды. Алдымыздан тек ақжарқын, мейірімді адамдар жолықты. Ешқандай келеңсіздік болған жоқ. Бұзылған көліктерді жолда жөндеп аламыз, – деді ирландиялық Фергал Кин.

Бұл автошеру жергілікті халық арасында да үлкен қызығушылық тудырып, өңірдің туристік және қоғамдық өміріндегі маңызды оқиғаға айналды. Биылғы финал былтырғыдан да ауқымды, былтырғыдан да жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Ұзақ жол жүріп келген автошабандоздарды Өскеменде облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов күтіп алып, лебізін білдірді.

Бұл жай ғана саяхат емес, нағыз сынақ десе де болады. Шығыс Қазақстан бұрыннан әлемнің әр түкпіріндегі саяхатшыларды қызықтырады. Осындай бастамалар бізге шабыт беріп, инфрақұрылым мен сервисті жақсартуға ықпал етеді. Сіздердің сапарлар өңіріміздің байлығы мен сұлулығын, мәдени мұрасын, табиғи ресурстарын және халқымыздың қонақжайлығын әлемге танытуға мүмкіндік береді. Бұл бізді аймақты шетелдік туристер мен спорттық іс-шараларға қатысушылар үшін барынша ашық әрі тартымды етуге жігерлендіреді. Біздің өңір халықаралық туристерді қабылдауға қашан да дайын, – деді облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов.

Мамандардың айтуынша, мұндай іс-шаралар өңірде туризмді дамытуға және облыс имиджін халықаралық деңгейде ілгерілетуге көмектеседі. Сонымен қатар Өскеменнің белсенді туристік бағыт ретінде танылуына ықпал етеді.

 

1 - 5
- +
Тегтер: F16Mongol RallyАвтошеруӨскеменШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған