Жетісу облысында тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқыру фактісі анықталды. Мемлекетке 152 млн теңге көлемінде шығын келтірілді, деп хабарлайды F16.kz.
Қаржылық мониторинг агенттігі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, қазір ведомствоның Жетісу облысы бойынша департаменті мамандары қазына қаражатын жымқыру дерегі бойынша тергеу бастаған.
2021 жылы тапсырыс беруші мен мердігер ұйым арасында жалпы сомасы 1,7 млрд теңгеге екі көпқабатты тұрғын үй салуға келісімшарттар жасалған. Бірақ актіге қол қойылғанына қарамастан біраз құрылыс-монтаж жұмысы іс жүзінде атқарылмаған. Салынуға тиіс тоғыз қабаттың жетеуі ғана тұрғызылған, жылыту, сумен жабдықтау, электр желісін тарту, сыртқы әрлеу жұмыстары жүргізілмеген. Мемлекетке келтірілген шығын 152 млн теңгеден асады.
Сот санкциясымен құрылыс компанияның мүлкіне тыйым салынды. Іс бойынша мердігер ұйымның директоры мен құрылысқа техникалық қадағалау жасаған компания қызметкерлері күдікті ретінде танылды. Тергеу жүргізіліп жатыр. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – делінген ҚМА хабарласамында.




