Энергетика министрі Ерлан Ақкенжанов елімізде жыл сайын күзгі жиын-терін кезінде туындайтын жанармай тапшылығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды F16.kz.
Журналистер сұрағына жауап берген ведомство басшысы әдеттегідей күзге қарай жанар-жағармайға сұраныс артқанымен, жетіспеушілік болмайтынын айтты.
Қорқуға ешқандай себеп жоқ – қор үнемі бақылауда. Дизель отыны мен бензин бойынша ешқандай күмән жоқ: зауыттар толық қуатта жұмыс істеп жатыр және біз оны үнемі толықтырып отырамыз, – деді Ерлан Ақкенжанов.
Ол үкіметтің 2025 жылдың ақпанында мемлекеттік бағаны реттеуден бас тартқанын және қазіргі таңда бағаның ішкі сұраныс пен ұсыныс негізінде қалыптасатынын еске салды.




