F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Өскеменде күрделі жөндеуден кейін тағы бір спорт нысаны пайдалануға берілді

Nurjan Kenjeuly Nurjan Kenjeuly
29.08.2025, 15:17
Әлеумет, Жаңалықтар, Қоғам, Құрылыс, Өскемен, Спорт
Өскеменде күрделі жөндеуден өткен тағы бір спорт нысаны пайдалануға берілді

Фото: F16.kz

Өскеменде ҚР Конституциясының 30 жылдық мерейтойы мен қала күні қарсаңында тағы бір спорт нысаны келушілерге есігін айқара ашты. Бүгін шаһардағы «Үлбі» қалалық аумақтық халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының ғимаратында күрделі жөндеу көрген бассейннің салтанатты ашылу рәсімі өтті, деп хабарлайды F16.kz.

50 ЖЫЛ ЖӨНДЕУ КӨРМЕГЕН

Белгілі болғандай, күрделі жөндеуге дейін бұл бассейнде 230-ға жуық бала жаттыққан. Алайда, 50 жылға жуық уақыт бойы жөндеу көрмеген спорт нысанының жағдайы мәз емес болатын. Мұны биылғы көктемде бұл жерге алғаш рет ат басын тіреген Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов та айтқан. Сол кезде ғимараттың іші-сыртын аралап көрген шаһар басшысы бассейнге келіп жүрген балалар мен олардың ата-аналарына аталмыш мәселені тездетіп шешуге уәде берген. Көп ұзамай нысанда қажетті жөндеу жұмыстары да басталған-ды.

Бүгін сол жұмыстардың негізгі бөлігі аяқталып, нысан ресми түрде пайдалануға берілді. Жаңарған бассейннің қазіргі жағдайымен танысқан қала әкімі Алмат Ақышов атқарылған жұмысқа оң бағасын берді. Дегенмен, шаһар басшысының айтуынша, әлі де жақсарта түсуге болатын тұстар бар. Мердігер компания бұл олқылықтарды тез арада жоюға уәде берді.

Ал жергілікті жаттықтырушылар жөндеу жұмыстарына байланысты бірнеше айға созылған үзілістен кейін балаларды секцияға қабылдау жанданғанын хабарлады. Олардың айтуынша, дәл қазір 170-ке жуық бала жаттығуларға қатысуға ниет білдірген. Бір атап өтерлігі, мұндағы жаттығулар тегін өтеді. Жалпы, ақысыз негізде жұмыс істейтін секциямен 230-дай баланы қамту жоспарланып отыр.

ЕРЕКШЕ БАЛАЛАР ДА ҚАТЫСАДЫ

Бір атап өтерлігі, жаңа бассейннің есігі дәл іргесіндегі «Үлбі» халыққа әлеуметтік қызмет көрсету орталығының тәрбиеленушілеріне де ашық. Еске салайық, бұл орталықта аутизм спектрі бұзылған және ақыл-ой кемістігі бар балаларға қажетті көмек көрсетіледі. Орталық ғимаратында жаңа бассейннің ашылғанына мекеме басшылығы да дән риза.

– Әлбетте, іргемізде осындай спорт нысанының болғаны бізге де керек. Неге десеңіз, ерекше балаларды емдеуде судың да рөлі зор.  Қазірдің өзінде бірнеше ата-ана балаларын бассейнге беруге ниет білдіріп отыр. Балалармен жеке жаттықтырушы жұмыс жүргізеді. Бір сөзбен айтқанда, балалар да мәз, ата-аналар да риза, – дейді орталық директоры Сәния Әубәкірова.

Жалпы, бұл бассейнде ерекше қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істейтін жаттықтырушыдан бөлек, тағы бес маман қызмет етеді. Және оның бәрі – білікті бапкер.

Тағы бір айта кетер жайт, бассейнге балалармен қатар, зейнеткерлер де келе алады. Бұл санаттағы азаматтар үшін айтарлықтай жеңілдіктер қарастырылған.

АДАМ ТАНЫМАСТАЙ ӨЗГЕРДІ

Еске салайық, аталмыш нысан 2020 жылы қалалық әкімдіктің шешімімен «Самғау» мәдениет пен бұқаралық спортты дамыту орталығының балансына берілген болатын. Көп жылдан кейін алғаш рет қолға алынған күрделі жөндеу аясында ғимараттың қабырғалар әрленіп, керамогранит төселді, жылу және су құбырлары жүйесі орнатылды, электр желілері тартылды, терезелер мен витраждар ауыстырылды. Сонымен бірге желдету жүйесі жаңартылып, бассейн жабдықтары орнатылды. Ішкі әрлеу жұмыстары толық жүргізіліп, заманауи талаптарға сай ресепшн аймағы жасалды. Сужаңа тренажер залы да ашылды.

– Бұл бағытта атқарылған жұмыстар балалардың жүзу сабақтарына қатысу мүмкіндігін кеңейтіп қана қоймай, олардың физикалық әрі тұлғалық дамуына да оң әсерін тигізеді. Жаңа бассейн қаламызда бұқаралық спорттың дамуына тың серпін береді деп сенемін, – деген Өскемен қаласының басшысы секцияға қатысатын балаларға бағалы сыйлықтар тарту етті.

Жоспар бойынша жаңарған спорт нысанында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін электронды рұқсат беру жүйесі енгізіледі, сондай-ақ суды дезинфекциялау, зарарсыздандыру және флокуляциялау қызметтері тұрақты жолға қойылады, ата-аналар мен келушілерге арналған жайлы күту аймағы жасалады. Бұған қоса спорттық разрядтар алуға бағытталған арнайы дайындық бағдарламалары енгізіліп, әртүрлі жастағы балаларға қосымша секциялар ашылады. Жаттықтырушылардың біліктілігі арттыру мақсатында заманауи әдістемелер енгізіледі.

Тегтер: F16бассейнБұқаралық спортКонституция-30Өскемен
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28
Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01
Полиция мен МИБ өзара іс-қимылды күшейтеді — ШҚО

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48
Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Анталия дипломатиялық форумының панельдік сессиясына қатысты

17.04.2026, 18:28

Маралдыдағы серпіліс: қомақты қаржы, жүйелі жұмыс, ортақ нәтиже

17.04.2026, 18:01

ШҚО-да 1200-ге жуық көпқабатты үй жаңа басқару жүйесіне көшті

17.04.2026, 17:48

Цифрлық дәуірдің тұзағы: интернет алаяқтықтың жаңа толқыны пайда болды

17.04.2026, 17:31

Бөтен үйге ұрлыққа түскен күдікті ұсталды — ШҚО

17.04.2026, 16:59

Өскеменде «Біз өмір сүреміз!» халықаралық инклюзивті фестивалі өтіп жатыр

17.04.2026, 16:25

Енді Ұлттық бірыңғай тесті бір рет қана тапсыруға болады

17.04.2026, 15:27

Оқушылар заманауи технологиялардың қыр-сырын меңгерді — Өскемен

17.04.2026, 15:14

Тоқаев панельдік сессияға қатысу үшін NEST конгресс орталығына барды

17.04.2026, 14:25

Алдағы күндері ауа температурасы +28°С-қа дейін жоғарылайды

17.04.2026, 12:20

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған