F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Шығыс жұрты қос мерекені дүркіретіп тойлап жатыр

F16 F16
30.08.2025, 12:15
Жаңалықтар, Өскемен, Фоторепортаж
Фотолар: F16.kz.

Фотолар: F16.kz.

Бүгін Шығыс жұрты Конституцияның 30 жылдығы мен Өскемен қаласының күнін қатар атап өтіп жатыр. Облыс орталығындағы Республика алаңына жиылған жұрттың қарасы тым—тым көп, ине шаншар орын жоқ. Әуелетіп ән салып, күмбірлетіп күй төккен өнерпаздар, мың бұрала билеген бишілер думанды жиынның көрігін қыздырып, шоғын үрлей түскен. Бәрі де көңілді, бәрі де жарасымды. Өңір тұрғындарын айтылу мерекемен облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов құттықтады. F16.kz тілшісі оқиға ортасынан түсірілген сәтті кадрларды оқырман назарына ұсынады.

Құрметті жерлестер, қадірменді қауым! Баршаңызды Конституцияның 30 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Ата заңымыз – тәуелсіз Қазақстанның берік құқықтық негізі, елдігіміздің айнымас тұғыры, темірқазығы. Онда адам мен оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең қымбат қазынасы ретінде айқындалған. Конституциямыз ел бірлігін, қоғамдық келісімді, саяси тұрақтылықты, заң үстемдігін және демократиялық қағидаттарды бекітіп, мемлекет дамуының басты бағдарына айналды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамалары негізінде барлық салада кең көлемді реформалар жүгізіліп жатыр. Бұл идеялар халықтың тілегі, уақыт талабы және даму үдерістеріне сай жүзеге асып, Қазақстанның тұрақты өсіп-өркендеуіне серпін беріп отыр, – деді Нұрымбет Сақтағанов.

Сахнада «құлақтан кіріп, бойды алған» рухты әндер шырқалды. Өскемендік өнерпаздардың әуелете салған әні орталық алаңға жиылған жұрттың жүрегіне жетіп, көңіл қылын тербеді.

Әнұран шырқалғандағы әсерлі сәт. Рух, өнеге, құрмет!

Қазақстан көшесін бойлай қаз-қатар тігілген шатырларда аста-төк өнім. Қала тұрғындары мен қонақтарына арнап мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылды. Шығыстың брендіне айналған Алтай бал мен Катонның қымызы, Күршімнің дәмі тіл үйірер қарбызы, Зайсанның тарысы, Риддердің жаңғағы, Тарбағатайдың еті мен Ұланның сүт-майы молынан қойылған. Ең бастысы бағасы нарықтағыдан 10-15 пайызға арзан.

Өткен күннен белгі бар. Тарихи фотосуреттер көрмесі келушілердің қызығушылығын туғызды. Өскеменнің өткені мен бүгіні фотосуреттер арқылы сәтті берілген. Өткен ғасырдағы қаланың келбеті, бүгінге дейін сақталған тарихи ғимараттар, қазіргі сәулет туындылары бәрі, бәрі объективтен тыс қалмаған.

Технологияның мүмкіндігі шексіз ғой шіркін! QR кодты сканерлеп, мобильді қосымшаны жүктеу арқылы фотосуретке «жан бітіріп», онда бейнеленген ғимараттар мен нысандар туралы мол мағұлматқа қанығуға болады. Өткенін білмеген елдің, болашағы бұлыңғыр. Сондықтан өскелең ұрпақ үшін бұл да бір өте қажет дүние екен.

Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов орталық алаңдағы көрмені тамашалап, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесін аралады. Қос мерекені тойлап жатқан өскемендіктермен дидарласып, тілдесті.

Өскеменнің орталық алаңындағы мерекелік думан мұнымен аяқталмайды. Бүгін кешке қазақ эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт болады.

Тегтер: F16Конституция-30Қала күніқұттықтауМерекеӨскеменСақтағановШҚО
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51
«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10
ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01
8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Сарапшылар: Құрылтай сайлауы елдегі жаңа саяси модельді нығайтады

08.07.2026, 20:51

«Бірқабатты Шығыс»: Кожоховодағы тұрғын үйлердің кемшіліктері жойылып жатыр

08.07.2026, 19:10

ШҚО-да мүгедектікті белгілеу тәртібі түсіндірілді

08.07.2026, 18:01

8 шілде – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери медицина күні

08.07.2026, 17:04

Аi-Sana: Қазақстандық студенттер 440-тан астам ЖИ-жоба әзірледі

08.07.2026, 16:09

ШҚО өңірлік мемлекеттік-жекешелік әріптестік орталығына жаңа басшы тағайындалды

08.07.2026, 14:05

Азаматтарды сайлаушылар тізімдеріне енгізу туралы

08.07.2026, 13:09

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

08.07.2026, 12:00

ШҚО-да туристік бағыттардағы жолдар жаңартылып жатыр

08.07.2026, 11:42

Өскеменде 136 отбасы жаңа пәтердің кілтіне ие болды

08.07.2026, 10:03

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған