F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU
No Result
Барлық нәтижені қарау
F16.KZ
No Result
Барлық нәтижені қарау

Бұл ауылда бұрын мектеп болмаған: Өскеменде тағы бір жаңа білім ордасы ашылды

F16 F16
02.09.2025, 14:51
Басты, Білім мен ілім, Жаңалықтар, Өскемен
Фото: F16.kz.

Фото: F16.kz.

Бүгін Шығыстың бас шаһарында тағы бір жаңа мектеп оқушыларға есігін айқара ашты. «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында салынған 300 орындық білім шаңырағы Өскеменнің Бабкина Мельница ауылында орналасқан, деп хабарлайды F16.kz.

Бұл ауылда бұрын-соңды мектеп болмаған. Жергілікті балалар орталыққа автобуспен қатынап оқитын. Кейінгі жылдары мұндағы халық саны көбейіп, демографиялық ахуал жақсара түскенде бір білім ордасын салу қажеттігі туындады. Өскемен қаласының әкімі Алмат Ақышов ауыл тұрғындарымен кездескенде көптің көкейіндегі бұл мәселенің түйінін шешуге ықпал ететінін айтқан. Көп ұзамай «Келешек мектептері» жобасымен білім мекемесі ірге көтеріп, бүгін міне лентасы қиылды. Ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Оқушылар мен педагогтар да мәз.

Фото: F16.kz

Осы ауылда ежелден тұрамыз. Төрт баланың анасымын. Екі балам Сограда және орталықтағы №1 мектепте оқыды. Автобуспен ары-бері тасып қиындық көретінбіз. Әсіресе, қыстыгүні аязда балалар автобусқа сыймай қалатын кездер жиі болатын. Енді жақсы болды, екі балам осында оқиды. №3 мектептен ауыстырып алдым. Президентімізге, облыс, қала басшыларына рақмет, халықтың үніне құлақ асып, осындай зәулім мектеп салып берді. Жаңа мектептің ішінде бәрі бар екен. Балалардың білім алуына, шығармашылығын шыңдауға, спортпен айналысуға барлық жағдай жасалған. Қуаныштымыз, – деді Бабкина ауылының тұрғыны Шынар Рыспаева.

Фото: видеодан алынған кадр

Кейінгі жылдары қолға алынған білім беру саласындағы цифрлық трансформация мен заманауи талаптар еліміздегі оқу ордаларының бет-бейнесін түбегейлі өзгертті. «Келешек мектептері» ұлттық жобасымен бой көтеріп жатқан мұндай мекемелер білім беру орталығы ғана емес, сонымен қатар оқушылардың жан-жақты дамуына арналған зияткерлік кеңістікке айналды. Мұнда дәстүрлі пән кабинеттерінен бөлек оқушылардың зерттеу дағдыларын, шығармашылық қабілетін және технологиялық сауаттылығын арттыратын арнайы кабинеттер де жұмыс істейді. Олардың ішінде STEM зертханасы, роботты техника кабинеті, цифрлық кітапхана және IT-кабинет, медиастудия немесе креативті студия сынды білім мен өнерді шыңдайтын орталықтар қарастырылған.

Мектебіміз 300 орынға арналған. Қазірдің өзінде 200-ден астам бала тіркелді. Құжат қабылдау әлі де жалғасады. Тағы келем деушілер бар. Мұнда Бабкина Мельница, Шмелев Лог ауылдары мен Арматурный, Гавань аудандарының балалары қазақ және орыс тілдерінде оқиды, яғни аралас. Жаңа мектепте оқушылардың сапалы білім алуына, тұлға ретінде қалыптасуына, өнермен, спортпен шұғылдануына, шығармашылықты шыңдауына жағдай жасалған. Тек ерінбей еңбектенсе болды. Спорт залы қандай керемет, ішін көрсеңіз балалармен бірге доп ойнағыңыз келеді. Арнайы кабинеттер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.  STEM зертхана, роботты техника кабинеттері бар, әр сыныпқа интерактивті тақта қойылған. Жаңадан автобус тарту етті. Осының бәрі мемлекеттің көрсетіп жатқан қамқорлығы, – деді физика және информатика пәнінің мұғалімі Эльвира Тоқбаева.

Кабинеттер жарық әрі жайлы. Құрал-жабдықтар тегіс жаңа, сапалы жасалған. Асханасы мен шеберханасы жайнап тұр, спорт және акт залдары кең. Бұдан артық не керек?!

Фото: F16.kz

Салтанатты шараға арнайы қатысқан Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Ирина Смит ата-аналар мен балаларды, ұстаздар қауымын жаңа мектептің ашылуымен және оқу жылының басталуымен құттықтады.

Баршаңызды Білім күнімен құттықтаймын! Бүгін бірінші сыныпқа қадам басқан бүлдіршіндер үшін маңызды күн, олар жаңа мектептің табалдырығын алғаш рет аттап отыр. Қаламыз жылдан-жылға өркендеп, дамып, халқының саны көбейіп жатыр. Соған сәйкес әлеуметтік нысандар да көптеп салынуда. Биылдың өзінде облыс орталығында үш мектеп салынды, оның екеуі 19-шы шағын ауданда болса, біреуі Бабкина Мельница ауылындағы осы білім ұясы. Мұнда заманауи кабинеттер, стандартқа сай құрал-жабдықтар бар. Осының бәрі балалардың алаңсыз білім алып, дамуы үшін жасалып жатыр, – деді Ирина Смит.

Тегтер: F16
БөлісуБөлісуЖіберуБөлісу

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22
Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01
Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30
Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

27.04.2026, 15:22

Өзен трамвайлары жаңа маусымға дайындалып жатыр – Өскемен

27.04.2026, 15:01

Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

27.04.2026, 14:30

Марқакөл мен Зайсанда салынатын казинолар қалай жұмыс істейді?

27.04.2026, 14:00

Арбатта тұрғындарға тегін құқықтық және қаржылық кеңес береді

27.04.2026, 12:41

Үлкен Нарында 4 мыңнан астам тұрғын сенбілікке қатысты

27.04.2026, 12:23

Өскемендегі екі деңгейлі эстакада құрылысы 25 қазанда аяқталады

27.04.2026, 11:53

Ахмерде биыл алты көше жөнделеді

27.04.2026, 11:29

Бас прокурор Қазақстандағы Америка сауда палатасы өкілдерімен және ірі инвесторлармен кездесті

27.04.2026, 10:55

ШҚО-да тағы күн суытады

27.04.2026, 10:19

САЙТ ТУРАЛЫ

F16.KZ - екі тілде ақпараттық-аналитикалық жаңалық беретін сайт. Біздің команда әрдайым жаңалықтың жаршысы болып, өз оқырмандарын жедел хабардар ету үшін 24/7 режимінде жұмыс істейді.

РЕДАКЦИЯМЕН БАЙЛАНЫС

Телефон: +7 707 192 4464 (WhatsApp)
Email: f16news@mail.ru

Яндекс.Метрика

БІЗГЕ ЖАЗЫЛЫҢЫЗДАР

F16.KZ әлеуметтік желілерде

  • Басты бет
  • Сайт туралы
  • Құпиялылық саясаты
  • Байланыс

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған

No Result
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
  • Айдарлар
    • Не жаңалық?
    • Айтпайын десең…
    • Біздің медицина
    • Білім мен ілім
    • Спорт
    • Әлеумет
    • Қылмыс
    • Өнер өрісі
    • Киелі Алтай
    • Ұзын құлақ
    • Сұхбат
    • Оқырман хаты
  • Аудан айнасы
    • Өскемен
    • Риддер
    • Катонқарағай
    • Күршім
    • Зайсан
    • Тарбағатай
    • Марқакөл
    • Самар
    • Алтай
    • Ұлан
    • Глубокое
    • Шемонаиха
  • Репортаж
    • Фоторепортаж
    • Журналист жол үстінде
    • Бейне медиа
    • Арнайы жоба
  • Шекаралық аудан
  • KZ
  • RU

© 2026. F16.KZ - Өскемен және Қазақстан жаңалықтары. Барлық құқықтар қорғалған