Қазақстанда автомобиль жолдарын бақылау үшін SRDS (Smart Roads Diagnostics System) жүйесі енгізілді. Бұл жүйені Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы әзірлеп, патенттеген, деп хабарлайды F16.kz.
Көлік министрлігінің ақпаратына сенсек, енді жасанды интеллекттің көмегімен әр 100 шақырымды қамтитын деректерді өңдеу уақыты 4 күннен 4 сағатқа дейін қысқарады. SRDS жол жамылғысындағы шұңқырлар мен ойықтарды автоматты түрде анықтап, олардың көлемі мен ұзындығын өлшейді.
Белгілі болғандай, диагностика арнайы жылжымалы зертханалар арқылы жүргізіледі. Жыл сайын жасанды интеллекттің көмегімен 15 мың шақырым республикалық және шамамен 5 мың шақырым жергілікті жолдар тексеріледі деп күтілуде.
– Жүйе нәтижелері жөндеу және реконструкциялау шешімдерінің негізіне алынып, жол қауіпсіздігін арттыруға, тиімді жоспарлауға және бюджет қаражатын ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді, – деп жазады дерек көзі.




